Жаңалықтар

ДДСҰ иммунитетті жасанды түрде төмендетуді жоспарлап отыр – фейк

Қазнет қолданушылары ДДСҰ иммунитетті төмендетуді жоспарлап отыр деген пікірлер айтылуда. Ол үшін ұйым бетперде тағып, санитайзерлерді қолдануды ұсынады. Кейбір қазақстандықтар мұндай шаралардың иммундық жүйеге кері әсерін тигізетініне сенімді және мамандар да осы «қауіпті» ережелерді ұстануға кеңес береді. Бұл олай емес.


Мұндай қауесеттер ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейсустың сөздерін дұрыс түсінбегеннен кейін тараған болар. Үстіміздегі жылдың 12 қазанында COVID-19 бойынша өткен баспасөз брифингінде ол ұжымдық иммунитетке қатысты көп айтқан еді. Бірақ қасақана жасанды түрде төмендету туралы сөз болмаған. Гебрейсус қазір ұжымдық иммунитетті дамытуды пандемиямен күрес жолдарының бірі ретінде қарастыруға болады дегенге күмән келтірген еді.
– Соңғы кездері «ұжымдық иммунитет» қалыптастыру үшін вирустың таралуына қарсы күрестен бас тарту мәселесі талқыланып жатыр. Ұжымдық иммунитет ұғымы вакцинациялауға қатысты қолданылады, егер белгілі бір вирусқа қарсы вакцинациялаумен қамтудың белгілі бір шекті мәніне жеткеннен кейін халықтың қалған бөлігі одан қорғалуы мүмкін болғанда. (….) Басқаша айтқанда, ұжымдық иммунитет адамдарды вирустың әсері ұшыратқанда емес, одан қорғағанда қалыптасады. Қоғамдық денсаулық сақтау тарихында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру, пандемияны айтпағанда, ешқашан індетке қарсы әрекет етудің тәсілі болған емес. Бұл ғылыми және этикалық тұрғыдан күмәнді», – деді ол. 
Сондай-ақ, ДДСҰ басшысының атап өтуінше, иммунитетті қалыптастыру үшін адамдарға коронавирустық инфекцияны қасақана жұқтыру этикаға жат нәрсе, өйткені бұл қарттар мен балалардың өліміне әкелуі мүмкін. Сол себепті тиімді және қауіпсіз вакцина әзірленбейінше, сарапшылар вирусты жұқтыру жағдайларын азайту үшін сақтық шараларын ұстануға, қорғаныс маскаларын тағып, қолды жиі жууға кеңес береді.
ДДСҰ сайтында COVID-19-ке қарсы иммунитет туралы ақпарат жариланған. Індетті тудыратын вирустың штаммы осы жылдың басында ғана ашылғандықтан, ұзақ мерзімді перспективада инфекцияның салдарын зерттеу қиын болады. Дегенмен, әлемде КВИ инфекциясын қайта жұқтырған жағдайлар тіркелуде.

– COVID-19 жұқтырған адамдардың басым бөлігінде иммундық реакция инфекциядан кейінгі алғашқы бірнеше аптада қалыптасады. Бұл қорғаныс қаншалықты күшті және қанша уақытқа созылатындығын анықтау үшін зерттеулер жалғасуда. Сонымен қатар, ДДСҰ иммундық реакцияның күші мен ұзақтығы инфекцияның түріне, яғни оның белгілерсіз (симптомсыз), жеңіл немесе ауыр түрде өтуіне байланысты ма деген мәселені зерттейді. Иммундық реакция тіпті симптомсыз ауырған адамдарда да болатын секілді, делінген ұйымның веб-сайтында. 
Жаппай вакцинациялауға келетін болсақ, мұндай шара ұжымдық иммунитетті қалыптастыруда шешуші рөл атқаруы мүмкін екендігі бұрыннан дәлелденген. Мысалы, вакциналарды ойлап табу және кеңінен қолдану бүкіл әлемде қызылша, шешек және полиомиелит ауруларымен ауыру жағдайларын едәуір азайтуға мүмкіндік берді.

Демек, ДДСҰ-ның иммунитетті жасанды түрде төмендету жөніндегі «жоспарлары» ұйым басшысының сөздерін дұрыс түсінбеуден шыққан.
 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button