Fake News

Фейк:«Импорттық вакциналар бедеулікке әкеледі, олардың сапасын ешкім бақыламайды»

Танымал Telegram-арналардың бірінде қазақстандықтар бұрынғы КСРО елдеріне бедеулік тудыратын вакциналар әдейі әкелінетіні туралы бейнероликті талқылауда. Дәрі-дәрмектің сапасын ешкім бақыламайды, демек, ол адамдарға зиянды әсерін тигізеді. Бұл жалған.

Бейне кейіпкерлерінің айтуынша, фертильділікке әсер ететін вакциналар үшінші әлем елдеріне арналған. Дамыған державалар оларды кедей елдердің халқының саны өспеуі үшін арнайы шығарады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ресей, Қазақстан және басқа да көптеген мемлекеттер осындай елдердің қатарына кірді.
Шындығында, бұған ешқандай дәлел жоқ. Біріншіден, Қазақстан да, Ресей де үшінші әлем елдеріне жатпайды. Екіншіден, кедейлік деңгейі жоғары елдерде вакцинация тууды азайту үшін емес, өлім-жітімді төмендету және қауіпті ауруларды жою мақсатында жүргізілді және жүргізілуде. Дамушы елдерде жоюға болатын және жоюды қажет ететін ықтимал аурулардың ішінде 1989 жылы тыныс алу аурулары, диарея, туберкулез, қызылша, безгек, гепатит, менингит және т.б. көрсетілген. Бұған статистикаға қарап көз жеткізуге болады. Даму деңгейі төмен мемлекеттерде туу деңгейі, әдетте, дамыған елдерге қарағанда бірнеше есе жоғары болады. Бұл үрдіс ондаған жылдар бойы сақталып келеді. Атап айтқанда, 1994 жылы ғалымдар үшінші әлем елдерінде туу бойынша рекорд орнатылғанын мәлімдеді. Дамушы елдердегі жаппай вакцинациялау науқаны ерлердің де, әйелдердің де фертильділігіне теріс әсер етпегені анық.
Сонымен қатар, вакциналардың ұрпақты болу қабілетіне әсер етуі мүмкін екендігі туралы ғылыми дәлелдер жоқ. Әлемдегі барлық вакциналар мұқият тексеріліп, жануарлар мен ерікті адамдарда сыналады. Иммундауға арналған препараттарды алу нәтижесінде репродуктивтік жүйенің ауру жағдайлары туралы хабарланған жоқ. Вакциналар мен бедеуліктің байланысы – вакцинацияға қарсы белсенді түрде таралатын танымал миф, бұған барлық вакциналар фертильділікпен проблемалар тудырады деп айтылса, COVID-19 пандемиясы басталғалы мұндай «жанама әсер» тек осы ауруға қарсы препараттарға қатысты ғана бола бастады.
Үшіншіден, Қазақстанға импортталған вакциналар еш тексерілмейді деген пікір мүлдем дұрыс емес. Елімізге әкелінетін дәрі-дәрмектің, вакциналардың сапасын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Шетелден әкелінетін барлық дәрі-дәрмекке 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясының талаптарына сәйкес нотариалды куәландырылған немесе апостильденген GMP сертификатының көшірмесі қажет.
Демек, видеода айтылған тезистердің ешқайсысы дұрыс емес. Қазақстан үшінші әлем елі болып табылмайды, Батыс державалары дамушы елдерде тууды бақылау үшін арнайы вакциналар өндірмейді, ал елімізге шетелден әкелінетін препараттар мұқият тексеріліп, сертификатталады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button