Fake News

Жалған: «Жаңа зерттеу маскаларда құрысу мен қатерлі ісік тудыратын заттардың болатынын дәлелдеді»

Қазақстандықтар Желіде АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институтының жаңа зерттеуі маскаларда қатерлі ісік пен құрысуды тудыруы ықтимал қауіпті ұшпа заттардың бар екенін дәлелдегені туралы мақаланы талқылауда.  Яғни, маска тағу онсыз жүргеннен әлдеқайда қауіпті, тіпті вирустық аурулар маусымы кезінде де. Бұл рас па? Тексерейік.

Маскалар мен олар шығаратын қауіпті ұшпа органикалық қосылыстарды (ҰОҚ) зерттеу туралы мақала Daily Mail порталында 2023 жылдың 27 тамызында жарияланды. Оның тақырыбында маска тағу қауіпті деп жазылған, өйткені олар құрысулар мен қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін. Бұған N95 маска үлгісінде ҰОҚ концентрациясының жоғары болуы себеп.

Бір қызығы, мақалада маскалардың қауіптілігі туралы ескертетін зерттеуге сілтеме жасалмаған.

Түпнұсқа ғылыми жұмыста N95 маскаларда ҰОҚ концентрациясының жоғары екендігі туралы сөз жоқ.

Зерттеуде KF94 маскалары – америкалық N95 аналогы болып табылатын корейлік бір реттік маскалар туралы жазылған.

Ғалымдар бірнеше түрлі өндірушілердің маскаларының құрамын тексеріп, кейбір қорғаныс құралдарында аталған заттар концентрациясы басқаларға қарағанда көбірек болатынын анықтады. Алайда, тіркелген ең жоғары көрсеткіштер АҚШ-тың Ұлттық еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау институты (NIOSH) белгілеген сыни деңгейден 100-1000 есе төмен болды. Сонымен қатар зерттеушілер еңбектің соңғы бөлімінде маскаларды ашық жерде жарты сағат ұстап тұрса, ондағы ҰОҚ деңгейі бірнеше есеге төмендейді және адам денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейді деп жазған.

Демек, Daily Mail-де жарияланған мақала оқырмандарды шатастырады, онда түпнұсқа зерттеуде жоқ бұрмаланған ғылыми деректер келтірілген. Маскаларда құрысулар мен қатерлі ісік тудыратын заттардың қауіпті концентрациясы жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button