Fake News

Фейк: «Таразда улы заттар шашқан»

Instagram әлеуметтік желісінде қолданушылар Таразда түсірілген бейнероликті талқылауда. Кадрларда аспанда ұшып өткен ұшақтан қалған ақ із көрінеді. Автордың айтуынша, бұл адамдарды «улайтын» химикаттар шашудың дәлелі. Бұл жалған.


Жамбыл облысының әкімдігі химиялық заттарды ауаға шашу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

– Жамбыл облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, Таразда дезинфекциялау немесе аспаннан қандай да бір заттарды шашу арқылы өңдеу жүргізіліп жатқан жоқ. Дезинфекциялық іс-шаралар арнайы мекемелермен рұқсат етілген препараттармен жер үсті автокөлігімен жүзеге асырылады, – деп хабарлады ведомстводан.

Демек, видеоға түсірілген аспандағы ақ із конденсациялық із болып табылады. Олар ұшақ суық және ылғалды ауа массаларынан өткен кезде пайда болады.
Конденсациялық іздер әртүрлі пішінде болуы мүмкін және әртүрлі уақыт аралығында көрінеді. 
Ұшақтардан у мен басқа да химиялық заттар шашу коспирологиялық теория болып табылады. Біз оны растайтын ешқандай дәлелдер жоқ екенін айтып, бірнеше рет жоққа шығардық.

Сонымен қатар, бұл теорияны жақтаушылардың өздері ұшақтардың не шашатыны бойынша ортақ пікірге келмей отыр. Олардың кейбіреулері әуе кемелері адам қанын тастайды, ал басқалары адамдарға графен оксидін шашады деп мәлімдейді. Басқа теориялар бойынша, ұшақтар вирустар, фосген және басқа да қауіпті химикаттар тасымалдайды.

Осылайша, видеода аспаннан қалаға қауіпті заттар шашудың дәлелі емес, ұшақтың конденсациялық ізі көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button