Fake News

Қазақстан мен Швейцарияның министрлер кабинеттерінің құрамын салыстыру – манипуляция

Қазнетте екі суреттен жасалған коллаж тарады. Бірінде жүзден астам адамнан тұратын Қазақстанның Министрлер кабинеті бейнеленген. Екіншісінде – Швейцарияның Министрлер кабинеті, оның жеті-ақ өкілі бар екен. Шын мәнінде, бұл суреттерде не бейнеленген? Айтып берейік.


Бірінші сурет Ақорданың ресми сайтынан алынған. Ол 2020 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесуі барысында түсірілген. Шараға резервке алынған 300-ге жуық адам қатысты.
Олардың ҚР Министрлер кабинетінің мүшелері еместігі белглі. Іс жүзінде ел үкіметінің құрамына 23 адам кіреді. Бұл – Премьер-Министр, оның бірінші орынбасары және 21 министр.
Екінші сурет те ашық дереккөздерден алынған. Онда 2014 жылғы Швейцарияның федералды кеңесі бейнеленген. Швейцарияның Федералды кеңесіне жеті адам мүше болады, олар жеті министрліктің басшысы болып табылады. Олардың арасынан жыл сайын Президент тағайындалады. Сайланған Кеңес мүшесі бұл лауазымды қайта сайлау құқығынсыз бір жыл атқарады. Оны Парламенттің екі палатасының 246 депутаты сайлайды. 
Швейцарияның мемлекеттік басқару жүйесі қазақстандық жүйеден айтарлықтай ерекшеленетіні анық. Яғни, екі елдегі Үкімет мүшелерінің санын салыстыру мағынасыз және дұрыс емес. Сонымен қатар таратылған суреттер пайдаланушыларды шатастырады. Бірінші суретте ҚР Министрлер кабинеті емес, ал екіншісі тоғыз жыл бұрын түсірілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button