Fake News

Дәлел жоқ: «Химтрейлді жасаушы олардың мақсаты туралы айтып берді»

Қазнетте ауадан шашу үшін пайдаланылатын заттарды жасаушылардың бірі туралы баяндайтын видео талқылануда. «Химик» мұндай әзірлемелердің көмегімен әлемдік үкімет ауа райын, күн жарығының деңгейін, тіпті адамдардың эмоцияларын бақылайды дейді.


Өзін химтрейлді жасаушылардың бірі деп жариялаған АҚШ тұрғыны алғаш рет өз мәлімдемесін беймәлім ұшатын нысандарға, конспирологиялық теорияларға және саясатқа арналған жабық форумда жария еткен.
Автор өзі жайлы ешқандай ақпарат бермеген – оның жынысы, жасы, тұрғылықты жері, білімі белгісіз. Дегенмен, ол 17 жыл бойы, 1980 жылдың басынан 2000 жылдардың басына дейін химиялық заттарды жасаумен айналысқанын айтты. Ол жұмыс беруші компанияның, мердігерлердің, әзірлемелердің атауларын немесе заттардың құрамын атаған жоқ. «Эмоцияны басқаратын» химикаттардың жұмыс механизміне де тоқталған жоқ, бірақ эффектілерін жақсы сипаттаған: естің уақытша жоғалуы, алаңғасарлық, апатия.

Қызығушылық танытқан оқырмандардың сұрақтарына берген жауаптарында ол жария етпеу туралы бірнеше келісімге қол қойғанын хабарлады. Алайда, автор «неге баспасөзге хабарласып, «химтрейлдер туралы барлық шындықты» айтпайсың деген сұраққа, бұл заттарды жасауға оның қатысы бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ деп жауап берді. Онда кемінде, жарияламау туралы қол қойылған шарттардың көшірмелері сақталуы тиіс екендігі жайлы айтылмайды. Қаржылық құжаттама туралы да – егер ол АҚШ-та ірі корпорацияда 17 жыл бойы жұмыс істесе, оған еңбекақы төленіп, міндетті салықтар алынуы тиіс еді. Айта кетейік, Штаттардағы компаниялардың көпшілігі қызметкерлердің медициналық сақтандыруын өз бетінше өтейді. Бұл мәліметтер медициналық сақтандыру, банктер және басқа да әлеуметтік мекемелер жүйелерінде сақталуы керек.
«Химтрейлді жасаушының» бірде-бір түсініктемесінде сенімді деректер немесе тексеруге болатын фактілер келтірілмеген.
Химиотрассалар туралы теория 1960 жылдардың аяғында тарала бастаған. Осы уақыт ішінде оның бірде-бір сенімді растауы жоқ. COVID-19 пандемиясы басталғалы ол туралы қайтадан көп айтылатын болды, өйткені бұл теорияны жақтаушылар енді ұшақтар вирус шашады деп ойлайды.

Кейбір қазақстандықтар да осы теорияның жақтаушылары болып шықты. Олар қабатты және құбырлы бұлттарды, ұшақтардың конденсациялық іздерін және ауадағы химиялық заттардың іздері мен жалынды басатын қосылыстарды химикаттардың ауадағы іздері деп ойлайды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button