Fake News

Дәлелсіз: «Ұлыбританияда 14 бала COVID-19 қарсы вакцинация салдарынан ауырып қалды»

Қазнет қолданушылары SkyNews телеарнасының жаңалықтар сюжетін таратуда. Онда мектептерде бетперде тағу туралы айтылады. Ролик жазбасында мектеп директоры екпе салдырған соң 14 оқушының ауырып қалғанын тікелей эфирде мойындайды. Бұл жалған.


Шын мәнінде, видеода сөз сөйлеген мектеп директоры оқушылардың КВИ қарсы вакцинациядан кейін ауырып қалды деп айтпаған.

Ол түсірілім жүргізілген күні аурып, сабаққа келмеген балалар санына қатысты сұраққа жауап берді.
– Кеше бізде ПТР нәтижесі оң 30 адам анықталды, тағы 14 оқушы экспресс-тест нәтижесі оң боғландықтан үйде қалды. Бүгін сынақ нәтижесі оң тағы 10 немесе 15 адам анықталуы ықтимал. Сондай-ақ, бізде вакцинация жүргізілді, бүгін 14 адам вакцинаның жанама әсерлеріне байланысты келген жоқ, – деді ол.
Бұл вакцинацияланған адамдар ауырады дегеннің белгісі емес. Вакцинаның жанама әсерлеріне бас ауруы, дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, шаршау, бұлшықет пен буын ауруы және ұқсас жағдайлар жатады. Мұндай белгілер вакцинациядан кейін үш күннің ішінде байқалуы мүмкін. Бұл ауру болып саналмайды және иммундық жүйенің вакцинаға реакциясының дәлелі болып табылады. 
Сондай-ақ, сұхбат барысында спикер өзі жетекшілік ететін мектептерде барлығы 12 050 адамның 420-сы вакцина алып үлгергенін атап өтті. Демек, егілген мектеп оқушыларының тек 3%-ында ғана жағымсыз реакциялар болған. Сонымен қатар, бұл жанама әсерлердің ауыр болғандығы туралы еш жерде хабарланған жоқ.
Ұлыбританияда 12 жастан асқан балаларды вакцинациялау 20 қыркүйекте басталды. 
Вакцинациялау мектептерде аптасына екі рет жүргізіледі.
Демек, Британияда вакцинация нәтижесінде 14 баланың ауырып қалғаны туралы хабарламалар фейк. Видеодағы спикер оқушыларда қандай жанама әсерлер болғанын нақтылаған жоқ, ал бұқаралық ақпарат құралдарында балалар арасында орын алған вакцинаға елеулі реакциялар туралы хабарланбады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button