Fake News

ҚР ІІМ Tik-Tok-тағы ойынға байланысты орын алған балалар өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

WhatsApp-та тараған дауыстық хабарлама авторы өзін-өзі өлтірген 13 жасар қызы туралы айтады. Ол Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі ойынға байланысты осындай қадамға барған екен.

Ер адамның айтуынша, қыз 12 қаңтарда өзіне-өзі қол жұмсаған, ал оған дейін мұндай жағдай Таразда болған.
ҚР ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды.

– Бұл ақпарат расталған жоқ, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button