Жаңалықтар

Фейк: «Ата-аналар балаларды вакцинациялаудан бас тартқаны үшін психиатриялық клиникаларға жатқызылады»

Қазнет пайдаланушылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеп жатқан жаңа заң жобасына наразылық білдіруге шақырады. Пайдаланушылардың айтуынша, онда өз балаларын вакцинациялаудан бас тартқан ата-аналарды ата-ана құқығынан айырып, психиатриялық клиникаларға мәжбүрлеп емдеуге жіберетін нормалар бар. Бұл өтірік.


Қазақстанда осындай нормалары бар заң жобалары қаралып жатқан жоқ.

– Бұл фейк. Балаларға кез келген екпе жасау тек ата-аналардың ақпараттандырылған келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады. Елімізде балаларды COVID-19 қарсы вакцинациялау ағымдағы жылдың қазан айында, елге Pfizer/BioNTech өндірген вакцина әкелінген кезде және тек ата-аналардың келісімімен ғана жасалуы мүмкін», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін вакцинацияға қарсы қазақстандықтар балаларды вакцинациялаудан бас тартқаны үшін ата-ана құқықтарынан айыратыны, балаларға екпе салмау зорлық-зомбылық ретінде қаралатыны, ал өз баласына дауысын көтергендер психотроптық препараттармен мәжбүрлеп емделетіні туралы жалған хабарламалар таратқан болатын. Бұлардың барлығы өтірік.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button