Фейк: «Ухань зертханасы мен Pfizer компаниясының иесі бір»
Танымал Telegram чаттарының қатысушылары COVID-19 жұқтырудың алғашқы жағдайлары тіркелген Ухань зертханасы мен Pfizer компаниясының иесі бір деп жазуда. Бұл жалған.
Таралған ақпарат 2020 жылы танымал болған ескі фейктің нұсқасы.
Онда Ухань зертханасы Pfizer-дің иесі Glaxo компаниясына тиесілі деп жазылған. Бұл шындыққа жанаспайды.
Шын мәнінде, Уханьдағы вирусология институты Қытай Ғылым академиясына тиесілі, ол ҚХР Үкіметіне тікелей есеп береді.
GlaxoSmithKline және Pfizer ішінара байланысты, бірақ иелік етпейді. 2018 жылы олар Денсаулық сақтау бизнесінің бір бөлігін біріктірген, бірақ бұл оларға ішкі процестер мен бір-бірінің шешімдеріне әсер етуіне мүмкіндік бермейді.
BlackRock инвестициялық компаниясының Уханьдағы вирусология институтымен және GlaxoSmithKline компаниясына қатысы жоқ. Дегенмен, BlackRock Pfizer акцияларының 10,8%-на ие. Бұл акциялардың бақылау пакеті емес және инвестициялық компанияға ірі фармкомпанияны иелену құқығын бермейді.
2020 жылдың қаңтарына дейін Blackrock акцияларының шағын пакеті Джордж Сорос қорына тиесілі болды. Алайда, біріншіден, бұл бақылау пакеті емес, екіншіден, белгіленген уақыттан кейін қор компанияның акцияларына иелік етуді тоқтатты.
Хабарламада The Economist журналы Ротшильдтер отбасына тиесілі екендігі туралы да жазылған. Бұл олай емес.
The Economist акцияларының бақылау пакеті 2015 жылдан осы күнге дейін италиялық Аньелли әулетінің иелігінде. Бұған дейін журнал Pearson plc компаниясының меншігінде болған, ал оған Ротшильдтердің ешқандай қатысы жоқ.
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат жалған. Онда келтірілген мәлімдемелер шындыққа жанаспайды.