Фейк: «Ғалым 5G адамдардың генетикалық кодын өзгертетіні туралы айтты»
Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда ғалым Валерий Канюканың психотропты қарудың зияны туралы сұхбатының видеосы жарияланды. Онда Канюканың сөздері адам геномын өзгерте алатын 5G технологиясына да қатысты деп жазылған. Бұл өтірік.
Желіде Валерий Канюканың кім екендігі және немен айналысқаны туралы ақпарат өте аз. 2010 жылы құрылған оған арналған сайт және оның сөздерін келтірген немесе есімін атаған басқа ғалымдардың бірнеше сұхбаты ғана бар. 2007 жылғы мақалаларда ғалымның қайтыс болғаны туралы айтылған, бірақ нақты қай күні екені белгісіз.
Егер 2007 жылы Валерий Канюка өмірден озса, ол 5G технологиясы туралы ештеңе айтпаған. Өйткені бұл жүйенің алғашқы сынақтары 2016 жылы өтті.
Бұл ретте 5G желілерін сынау кезінде де, әлемнің көптеген елдерінде орнатылғаннан кейін де технологияның адам геномына қандай да бір түрде әсер етеді деп болжауға алғышарттар болмаған. Бұл технологияның адамдар үшін қауіпсіз екенін дәлелдейтін ғылыми зерттеулер бар. Осы тақырыпта жеке тергеу жүргізген ионданбайтын сәулеленуден қорғау жөніндегі Халықаралық комиссияның (ICNIRP) қорытындысында технология зиянсыз деп айтылған.
5G адамдарға немесе жануарларға қауіп төндіретіні туралы деректер Еуропалық Парламент 2021 жылы әзірлген есепте де жоқ.
Қазақстандықтар таратқан Валерий Канюканың сөзінде әңгіме психотронды қару немесе пси-террор туралы болып отыр. Шындығында, ммұндай ештеңе жоқ. Дегенмен, Кеңес Одағында адамдардың мінез-құлқын бақылауға және оларға әртүрлі ойлар мен эмоциялар сіңіре алатын зеңбіректер мен лазерлер жасалғанына сенетін адамдар санаты бар. Әрине, бұл тікелей расталмайды. Алайда, бұл қастандық теориясын жақтаушыларға қажет емес, мұны әртүрлі «қорғаныс құралдары» мен курстар сататын алаяқтар белсенді қолданады.
Қорыта айтқанда Валерий Канюка, біріншіден, 5G зияны туралы айтпаған, сеебі ол бұл технология жасалғанға дейін қайтыс болған; екіншіден, 5G адам геномына мүлдем әсер етпейді; үшіншіден, видеода айтылып отырған психотронды қару іс жүзінде жоқ, ал пси– террор және қашықтықтан ойларды бақылау – қастандық теориялары.