Фейк: «Балаларды вакцинациялаудан бас тарту зорлық-зомбылық ретінде қарастырылады»
Қазнетте тараған бейнеролик кейіпкері Қазақстанда ата-аналардың балаларын вакцинациялаудан бас тартуы балаларға қатысты зорлық-зомбылық ретінде бағаланады деп мәлімдейді. Бұл тұжырымдарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.
Видеода әйел қазір дәрігерлерді оқыту жүріп жатқанын айтады. Дәрігерлер полицияға өз балаларын вакцинациялаудан бас тартқан ата-аналарға қатысты өтініш беру жолдаын үйреніп жатыр екен.
– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Балаларға жасалатын барлық медициналық манипуляциялар тек ата – аналардың келісімімен ғана жүргізіледі,-деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қазнетте осыған ұқсас фейк тараған болатын, онда Қазақстанда балаларды тек COVID-19-ға ғана емес, сондай-ақ басқа да ауруларға қарсы вакцинациялаудан бас тартқаны үшін ата-ана құқығынан айыратыны айтылған.
Қазақстанда екпе жасатудан бас тартқаны үшін ата-ана құқығынан айырылмайды