«5G-сәулесінен қорғайтын крем» – Қазақстанда фейктер арқылы қалай ақша тауып жатыр
Profit.kz жариялағандай, қазақстандық хабарландыру сайттарының бірінде «5G-сәулесінен қорғайтын крем» сатылатыны туралы ақпарат пайда болған. «Сиқырлы ем дәрі» үшін сатушы 15 мың теңге сұраған. Қазіргі таңда ол хабарландыру алып тасталған.
«Қазақстан да жаңа үрдістерден тыс қалмауда, ел азаматтары да түрлі қастандық теорияларын талқылауға белсенді қатысты. ІІМ «тікұшақтан вирус шашыратуы» және «зиянды» 5G мұнаралары туралы қауесетті тергеп жатқанда, кейбір жылпоз ширақ кәсіпкерлер «5G сәулесінен қорғайтын крем» сатылымын жолға қойып үлгерген. Бұл крем коронавирус тудыратын сәулеленуден көмектесетіні немесе көмектеспейтіні белгісіз, бірақ алматылық сатушы OLX-те оның бір банкасын 15 мың теңгеге бағалаған. Ғажайып ем-дәріні сату туралы хабарландыру интернет-алаңда 2 маусымда пайда болды, алайда қазіргі уақытта қолжетімсіз. Дегенмен, Google іздеу жүйесінің кэшінде осы парақшаға сілтеме сақталған», – деп жазады басылым.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректеріне сәйкес 5G мобильді желілері COVID-19 таралуына ықпал етпейді.