Медициналық фейктер

Қазнетте вакцинация салдарын «емдей» алатын биобелсенді қоспалар жарнамалануда

Қазнеттің кейбір пайдаланушылары «вакцинацияға ұшырағандарға» емделуге кеңес береді. Ал дәрі ретінде тиімділігі дәлелденбеген қымбат диеталық қоспалар ұсынылады.

«Антивакцина» жиынтығының құны 82 457 рубль, бұл шамамен 465 882 теңге. Оған тек екі компонент қана кіреді: «Кымдан – 2» және лавр жапырақты Тунбергия сығындысы бар таблеткалар. Сатушылардың айтуынша, бұл комбинация вакцинаның әсерін бейтараптандырады және оның барлық компоненттерін ағзадан шығарады. Алайда, бұған ешқандай дәлел жоқ, оның үстіне, адамдарды аурулардан қорғауға арналған вакциналардың әсерін бейтараптандыру үшін не қажет екендігі түсініксіз. Сондай-ақ, сатушы биобелсенді қоспалар комбинациясын қандай вакциналардың «зиянды» әсерін төмендететінін нақтыламайтынын атап өткеніміз жөн. Бұған қоса, тірі вирустарға, белсенді емес, вирустық векторларға немесе мРНҚ-ға негізделген вакциналар үшін әртүрлі «бейтараптандырғыштар» қажет болуы мүмкін.
Дегенмен, жиынтықтың екі компонентінің де вирусқа қарсы дәлелденген қасиеттері жоқ және олардың ешқайсысы дәрі болып табылмайды.
Жиынтықтың құрамына кіретін Кымдан -2 – бұл корей препараты, өндірушілердің пікірінше, ол АИТВ, Эбола, MERS және SARS коронавирустарын, тіпті «компьютерлерді қолданудың зиянын да» емдейді. Оның құрамына адамшөп сығындысы, «сирек кездесетін табиғи элементтер» және алтын мен платинаның микро дозалары кіреді.  Препараттың тиімділігіне ешқандай дәлелдер келтірілмейді.
Лавр жапырақты Тунбергия – бұл өсімдік. Оның жапырақтары шынымен антиоксиданттық қасиетке ие, бірақ вирустарды жоя алмайды. (https://en.wikipedia.org/wiki/Thunbergia_laurifolia)

Демек, ғажайып препараттар жинағы сенгіш азаматтар арқылы ақша табудың жолы ғана. Сонымен қатар, вакцинацияны «емдеу» қажет емес. Қандай да бір вакцинаға аллергиялық немесе өзге реакциялар туындаған жағдайда, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button