Жаңалықтар

Фейк:«Вакцинация паспортын алғаннан кейін адам тауарға айналады»

Telegram-да вакцинация паспортын алғаннан кейін адам тауарға айналады және оның денесіне құқықтар белгілі бір корпорацияларға беріледі деген хабарлама тарады. Бұл ойдан шығарылған және конспирология.


Теория COVID-19 қарсы вакциналар адамның ДНҚ-н өзгерте алатындығына негізделген. Кейбір Қазнет қолданушылары вакцинамен өзгертілген ДНҚ – гендік инженерия өнімі деп жазады, демек, оны патенттеуге болады. Яғни, барлық вакцинацияланған адамдар өз денелеріне құқықтарды екпе жасайтын компанияларға берді. Бұл идеяларға ешқандай негіз жоқ және олар ғылыми мәліметтерге қайшы келеді. Вакцина адамның ДНҚ-н өзгерте алмайды. Бұл мәлімдемеге негізделген фейктерді біз бұған дейін бірнеше рет терістеген болатынбыз. 

Құжаттардағы QR-кодтар адамның тауар белгісіне айналатынының белгісі емес

Екпе салдырған адамдар тауарға айналады деген теорияның тағы бір «растауы» – вакцинация паспортының болуы, атап айтқанда, онда көрсетілген QR код. Шын мәнінде, құжатта көрсетілген QR код адамды затқа айналдырмайды және оны құқықтар мен бостандығынан айырмайды. Код құжаттың түпнұсқалығын растау үшін ғана қызмет етеді.
— QR бойынша сіз вакцинациялаудың электрондық паспорты орналасқан мемлекеттік ресурсқа қіре аласыз. Онда деректердің дұрыстығын тексеруге болады, – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Осылайша, код электрондық үкімет порталындағы қажетті парақшаға жылдам кіру үшін ғана қолданылады.
Айта кетейік, вакцинация паспортында көрсетілген QR кодын пайдалану қажет емес. Ол сауда үйлеріне, демалыс орталықтарына және басқа да қоғамдық орындарға кіру үшін қажет емес. ASHYQ жүйесінде мәртебеңізді тексеру үшін дәл осындай қосымшаны жүктеп алу немесе Kaspi.kz қосымшасындағы арнайы функцияны пайдалану жеткілікті. Егер осы опциялардың ешқайсысы қандай да бір себептермен жарамаса, онда қоғамдық орынға кірген кезде тексерушіге ЖСН айтуға болады.
Демек, вакцинация паспортында QR-кодтың болуы құжат иесінің тауарға айналуының белгісі емес. Бұл қастандық теориясы болып табылады және оған ешқандай дәлел жоқ.
Бұған дейін біз паспорттардағы және басқа құжаттардағы QR кодтар адамдарды тауар белгілеріне айналдырады деген идеяларды жоққа шығарған болатынбыз.

Құжаттардағы QR-кодтар адамның тауар белгісіне айналатынының белгісі емес

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button