Fake News

Фейк роликте еден тазартуға арналған құралды сүт деп көрсеткен

Қазақстандықтар жалған видеомен бөлісуде, онда автор кейбір ингредиенттерді араластырып, сүттің химиялық аналогын алады. Пайдаланушылардың пікірінше, мұндай өнім табиғи сүт деп сатылуы мүмкін. Шындығында, роликте тазарту құралын дайындау әдісі көрсетілген.


Бұл видео 2018 жылы қазан айында Үндістан мен Түркияда кеңінен тараған. Ол кезде Желі қолданушылары видеода Үндістанға Қытайдан контрабандалық жолмен әкелінген заттан химиялық сүт өндіру процесі көрсетілген деп айтылған.

БАҚ пен фактчекерлер бұл қорытындны жоққа шығарды. 
Шын мәнінде, роликте едендерді және басқа да заттардың беттерін тазалау үшін кеңінен қолданылатын «Белый фенил» тазартқышын жасау жолы көрсетілген. Бұл сүтке ұқсас мөлдір емес ақ сұйықтық, бірақ консистенциясы мен иісі мүлдем басқаша.
Желіде бұл құралды өз бетінше дайындау рецептісі мен видеонұсқаулықтар өте көп. Ол үшін су, қарағай (бор) майы, эмульгатор және превентол қажет.
Қазақстандықтар талқылап жүрген бейнероликте осы ингредиенттердің барлығы бар.
Осылайша, видео соңында автор дайындаған құралдың сүтке еш қатысы жоқ және ол табиғи өнім түрінде сатылмайды, өйткені оның иісі өткір және қою болып келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button