Fake News

Фейк:«Спутник-V» адамдарды генетикалық модификациялайды»

Қастандық теорияларын жақтаушылардың болжамынша «Спутник-V» адамның ДНҚ өзгертеді. Олар вакцинаның ресми сайтында аденовирустық векторлар және олардың өзгерістері туралы ақпаратты көргеннен кейін осындай қорытынды жасап отыр. Алайда, аденовирустық векторлардың модификациялауы вакцина адам геномын өзгерте алады дегенді білдірмейді.


Қазнет пайдаланушыларын «Спутник-V» вакцинасының ресми сайтында ұсынылған «аденовирустық вектор» терминінің анықтамасы алаңдатуда.
«Аденовирустық векторлар мүлдем қауіпсіз, сонымен қатар генетикалық модификация үшін ең қолайлы деп саналады. ( … ) Ғалымдар генетикалық материалды вакцинасы жасалатын басқа вирустан жасушаға тасымалдау үшін векторларды қолданады», – делінген сайтта.
Осы сөйлемді оқығаннан кейін кейбір оқырмандар вакцина қауіпті деп ойлайды, ал оны жасаушылар мұны жасыруға тырыспайды.
Шын мәнінде, осы сайттың басқа бөлімінде вакцинаның жұмыс істеу принципі мен аденовирустық векторлармен жасалатын манипуляциялар туралы толық түсінік берілген. Әр векторға SARS-CoV-2 коронавирусының S-ақуыздарын кодтайтын ген енгізіледі, сол арқылы ол жасушаға енеді. Осының арқасында вектор адам жасушаларына еніп, оларды S ақуызын синтездеуге итермелейді. Ағза оны бөгде зат деп танып, антиденелер шығара бастайды, соның арқасында иммунитет қалыптасады.
Бұл жағдайда аденовирус векторы ДНҚ-мен ешқандай байланысқа түспейді. ДНҚ жасуша ядросында хромосомалардың құрамында, сондай-ақ митохондрия мен пластидтерде болады. Вектор жасушаның осы бөліктеріне енбейді.
«Спутник-V» вакцинасы клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан өтті, олардың нәтижелері оның тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеді. Тәжірибе жүргізілген жануарлардың немесе клиникалық сынақ кезеңіндегі еріктілердің ешқайсысында, сондай-ақ жаппай вакцинация аясында препаратпен егілген адамдарда ДНҚ-да өзгерістер болған жоқ. 
Бұған дейін «Спутник-V» адамдардың жаңа, трансгенді түрін жасайды деген фейкті жоққа шығарған болатынбыз.

Фейк: «Спутник-V» трансгенді адамдардың жаңа түрін жасайды»

Басқа жаңалықтар

Back to top button