Алаяқтар Қазақстандағы ең ірі клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі атынан алдауда

Алаяқтар Қазақстанның ең ірі жеке зертханалар желісі «ОЛИМП» КДЗ атынан әрекет етуде. Олар компания атынан жалған акциялар мен конкурстар өткізіп, адамдарды алдауда. Бұл туралы «ОЛИМП» КДЗ өкілдері клиенттердің электрондық поштасына ресми хабарлама жіберіп, сондай-ақ өз сайтында және әлеуметтік желілерде үндеу жариялап, ескертті.
«Құрметті емделушілер, «ОЛИМП» КДЗ зертханасының қызметкерлері ұсынатын үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттеріне байланысты жағдайлар анықталды. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін төмендегі ақпаратпен мұқият танысуды сұраймыз.
⠀
Біз медициналық қызметтер үшін төлемді келесі арналар бойынша онлайн ешқашан қабылдамаймыз:
– Telegram
– Банк карталарына жеке аударымдар
– Мессенджерлер, чаттар, сілтемелерБіз конкурстар өткізбейміз!
Барлық қолданыстағы науқандар, арнайы ұсыныстар «ОЛИМП» КДЗ ресми ресурстарында жарияланады», – делінген компанияның ресми хабарламасында.
Ақпаратты мына ресми арналар бойынша тексеруге болады:
– Сайт: kdlolymp.kz;
– ОЛИМП КДЗ мобильді қосымшасы;
– Ресми телеграмм-бот: t.me/kdlolympkz_bot, және арна: t.me/cdlolymp;
– Instagram: instagram.com/kdlolymp/;
– Facebook: facebook.com/kdlolymp/.
– Байланыс орталығының нөмірі: барлық қалалар үшін 59-79-69, Семей қаласы үшін 36-30-05.