Fake NewsМедициналық фейктер

Фейк: «Спутник-V» трансгенді адамдардың жаңа түрін жасайды»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде COVID-19-ға қарсы «Спутник-V» вакцинасының адам геномын өзгертуге қабілетті екендігі туралы бейнежазбаны талқылауда. Тележүргізуші Мария Шукшина мен профессор Павел Воробьев осындай қорытындыға келеді. Бұл ғылымға қарсы.

Әйгілі ресейлік кино актрисасы және тележүргізуші Мария Шукшина COVID-19 туралы бірнеше рет жалған ақпарат таратқан. Ол «вакцина әулиелердің сәуегейліктерінде айтылғандықтан» екпе жасатпайтынын айтқан, және пандемия – бұл «Ресей Федерациясына қарсы жарияланған соғыс» деп мәлімдеген.

Профессор Павел Воробьев те КВИ пандемиясы жоқ, ал ауру – «жергілікті індет» деп бірнеше рет даулы ойларын ортаға салған.

Қазақстандықтар бір-біріне бөлісіп жатқан бейнероликте актриса мен профессор COVID-19-ға қарсы ресейлік «Спутник-V» вакцинасын талқылауда. Воробьев өз сөзінде препараттың әсер ету механизмін сипаттайды, содан кейін оның адам геномын өзгерту қабілетіне ие болатынын айтады.

Шын мәнінде, бұл вакцинаның мұндай қасиеттері жоқ және болуы мүмкін емес. «Спутник-V» – аденовирустық вектор негізінде әзірленген препарат. Оны жасау үшін мРНҚ немесе ДНҚ платформалары қолданылмаған.

Аденовирустық вакциналар жаңа шыққан нәрсе емес. Бұған дейін «Спутник-V» әзірлеушілері осы технологияны қолдана отырып, Эбола безгегіне қарсы препарат жасаған.
Мұндай вакциналардың жұмыс істеу принципі Sputnikvaccine.com ресми сайтында егжей-тегжейлі сипатталған.

Сонымен қатар, «Спутник-V» препараты клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтардан сәтті өтіп, қауіпсіздік пен тиімділіктің жоғары деңгейлерін көрсетті. Вакцина сыналған жануарларда да, оны қабылдаған еріктілерде де геномдық өзгерістер тіркелген жоқ.

Бұған дейін Желіде матрицалық РНҚ негізінде жасалғандықтан Pfizer және Moderna вакциналары адамның ДНҚ өзгерте алатындығы туралы жалған ақпарат кеңінен тараған болатын. Мамандар мен фактчекерлер бұл қауесеттерді жоққа шығарды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button