Фейк: «Қазақстандық оқулықтар грек кітаптарының көшірмесі»
Танымал қазақстандық Telegram-арналардың бірінде пайдаланушылар ағылшын тілінен қазақстандық және грек оқулықтарының ұқсастығын талқылауда. Кейбір қазақстандықтар балаларға арналған отандық құралдардың грек тілінен көшірілгеніне және менталитеттердің әртүрлі болуына байланысты бұл оқулықтар Қазақстан үшін жарамсыз екендігіне сенімді. Бұл дұрыс емес.
Шын мәнінде, фотосуретте авторы Вирджиния Эванс пен Дженни Дули болып табылатын Smiles сериясының оқулықтары көрсетілген. Бұл серияда әр түрлі жастағы балаларға арналған жеті кітап бар. Оларды Ұлыбританиядағы ExpressPublishing компаниясы шығарады және әлемнің көптеген елдерінде қолданылады.
Оқулықтың бірегей нұсқасы қазақстандық оқушылар үшін модификацияланды. Оқу құралдарына біздің еліміз, мемлекеттік рәміздер және қазақстандық оқушылар үшін өзекті басқа да ақпараттар қосылды. Модификацияланған оқулықтардың мұқабасында «for Kazakhstan» белгісі бар, ал авторлар қатарында Н. Мухамеджанова көрсетілген.
– Бұл Ұлыбританияның Express Publishing баспасында алғаш рет 2013 жылы жарық көрген Smiles сериясының ағылшын тіліндегі оқулықтары. Олар Қазақстан, Грекия, Чехия, Польша, Испания, Португалия, Сауд Арабиясы, Сербия, Хорватия, Украина, Болгария, Латвия, Литва және басқа да елдерде халықаралық мойындауға ие болды және ресми түрде пайдалануға жіберілді. Яғни, шетел тілін жақсарту үшін шетелдік баспалардың оқулықтарын пайдалану әлемдік тәжірибе болып табылады, – деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, Smiles оқулықтарын пайдалану оқушылардың білім сапасына оң әсер етеді.
Қорыта айтқанда, қазақстандық оқулықтардың грек оқулықтарымен ұқсастығы Қазақстанда да, Грекияда да халықаралық деңгейдегі оқу әдебиеттері қолданылады деп түсіндіруге болады. Smiles оқулықтары екі нұсқада – түпнұсқа және Қазақстан үшін арнайы пысықталған нұсқада шығарылады.