Fake News

Дәлелсіз: «COVID-19 қарсы вакциналардың барлығының нақты атауы – «бақыланатын гендік терапия»

Қастандық теориясын жақтаушылар COVID-19 қарсы барлық вакциналардың нақты атауларын «қоғамнан жасыратыны» туралы хабарламамен бөлісуде. Мұндай препараттар «бақыланатын гендік терапия» деп аталады екен. Бұл тұжырым дәлелденбеген.


Гендік терапия – бұл аурудың дамуын болдырмау үшін гендер қолданылатын тәжірибелік әдіс. Ол анықтамасы бойынша бақыланбайтын бола алмайды. Сондықтан «бақыланатын гендік терапия» атауы ғылыми тұрғыдан мағынасыз.
Тарихта гендік терапия көмегімен адамдарды емдеп шыққан жағдайлар болды. Мұндай оқиғалар бүгінде сирек кездеседі, баспасөзде кеңінен жарияланады және бүкіл әлем бойынша миллиондаған мамандардың назарын аударады. Гендік терапия әлі де болса адамдарды сау және әдемі ету үшін гендерді редакциялау қаншалықты дұрыс екендігі туралы пікірталас тақырыбы болып қалуда.
Вакциналар гендік терапия құралы емес. Шетелдік фактчекерлер мен ресми ведомстволардың өкілдері СOVID-19-ға қарсы вакциналар адамның ДНҚ өзгерте алады деген қастандық теориясын бірнеше рет жоққа шығарған.
Сондай-ақ, біз де осы сияқты мифтерді терістеген едік.

Фейк:«Спутник-V» адамдарды генетикалық модификациялайды»

Бүгінгі таңда ДДСҰ мәліметтері бойынша, 287 кандидат вакцина бар. Олардың барлығы әртүрлі платформаларда жасалған. Клиникалық сынақтардың нәтижелері туралы деректер баршаға қол жетімді. Вакциналардың ешқайсысы сынаққа қатысушыларда ДНҚ өзгерісін тудырмаған.
Бүгінгі таңда мемлекеттерде 18 вакцинаның біреуі болса да, мақұлданды. Олардың арасында ДНҚ-ны өзгерте алатыны жоқ.
Қолданылып жүрген вакциналардың ішінде әр түрлі атаулармен белгілі вакциналар да бар. Мысалы, Pfizer / BioNTech препараты Еуропалық Одақ елдерінде Comirnaty атауымен белгілі.
Astra-Zeneca препараты Еуропада Vaxzevria деп аталады, ал Канадада COVISHIELD деген атпен танымал.
Отандық QazVac вакцинасы бұрын QazCovid-In деп аталып келген.
Қазақстанда қолданылатын Hayat-Vax препараты Sinopharm (Beijing) ретінде де белгілі.
«Спутник-V» вакцинасын «ГамКовидВак» деп те атайды.
Ресми атаулар, сауда белгілері мен өндіруші компаниялардың атауларындағы айырмашылыққа қарамастан, ешқайсысы «бақыланатын гендік терапия» деп аталмайды.
Қорыта айтқанда, вакциналардың шынайы атауын халықтан жасырады деген теория негізсіз. Ешқандай вакцина гендік терапия құралы болып табылмайды және ондай атауы да жоқ. СOVID-19 алдын алуға арналған кейбір дәрі-дәрмек әр түрлі сауда маркаларымен белгілі, бірақ бұл ақпарат көпшілікке қол жетімді және құпия емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button