Fake News

Фейк: «ДДҰ медициналық диктатура жарияламақ»

Пайдаланушылар әлеуметтік желілерде 5-7 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшылығы медициналық диктатураны орнату үшін әлем елдерінің көшбасшыларымен кездесті деп жазды. Бұл жаңа пандемиялық келісімде бекітіледі екен. Бұл рас па? Анықтайық.

Таралған хабарламада пандемиялық келісім елдерді егемендігінен айырады және қандай да болмасын жеке мемлекеттің Конституциясынан гөрі заңды түрде маңыздырақ болады делінген. Сондай-ақ пайдаланушылар ДДҰ медициналық диктатура орнату арқылы адамдарды құқықтары мен бостандықтарынан айыруға ниетті деп жазуда.
Әрине, мұның бәрі шындыққа жанаспайды. Бұған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтындағы ақпаратпен танысып, көз жеткізуге болады.
Оған сәйкес, 5-7 желтоқсан аралығында ДДҰ өкілдері мен әлем елдері көшбасшыларымен кездесуі өтті. Бұл пандемиялық келісімнің ережелері, әрекеттері мен мәселелері талқыланған үшінші кездесу болған.
Бұл келісім болашақта ықтимал пандемияның алдын алуға және өлім-жітімнің көп болуына және денсаулық сақтау жүйелеріне шамадан тыс жүктеменің түсуіне жол бермей, оларды ерте кезеңде тоқтатуға бағытталған.
Бұл келісім елдерді егемендігінен айырады және мемлекеттердің конституцияларынан жоғары болады деген ақпарат конспирология және негізсіз болып табылады. Бұл туралы фактчекерлер хабарлады.
Үшінші кездесу барысында қатысушылар келісімнің бастапқы жобасын жасауға дайын екендігін білдірді. Осыдан кейін ДДҰ-ға қатысушы әрбір ел ұсыныстар мен ескертулер енгізуге құқылы болады.
Осыдан кейін де елдер келісімге қол қоюдан бас тартып, онда көрсетілген талаптарды сақтамауы ммүкін. Келісім қабылданады ма, жоқ па? Қабылданса, қандай болады? Бұл туралы шешім 2024 жылы жарияланады.
Қорыта айтқанда, ДДҰ бүкіл әлемде орнатпақ болып отырған медициналық диктатура туралы ақпарат жалған. Пандемиялық келісім қандай да бір саяси режимді өзгертуді білдірмейді және оған қол қою ерікті болып табылады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button