Fake News

Фотофейк: «Желіде сананы бақылау бойынша аса құпия жоба сынақтарының фотосы тарады»

Қазнет қолданушылары аса құпия «Көгілдір сәуле» жобасы сынақтарының кезекті «дәлелдерімен» бөлісуде. Құпия технологиялардың көмегімен әлемдік үкімет аспанда адам көзінің бейнесін проекциялаған. Бұл фейк.


Бұл сурет 2019 жылдың шілдесінде 9GAG.com танымал форумында пайда болды. Автордың айтуынша, ол Венгрияда түсірілген. Бұдан басқа нақты деректер ұсынылмаған.
Сурет Желіде кеңінен тарады, ал оның авторы мен түсірілген жері әлі де белгісіз.
2019 жылдың тамызында фотосурет Босния жаңалықтар порталында жарияланды. Мәтінде кескін «күдікті болып көрінеді» деп жазылып, редакция оқырмандарды суреттің шынайы немесе графикалық редакторларды қолданудың нәтижесі ме, жоқ па, оны өз бетінше шешуге шақырды.
2007 жылы компьютерлік ғылымдар докторы Нил Кравец жасаған FotoForensics онлайн-құралы аспандағы жұмбақ көздің барлық үш суреттің фото редакторларда өңделгенін анықтауға мүмкіндік береді.
Барлық суреттерге жасырын қабаттар қосылған, ал түпнұсқа суреттерде жолдар, автомобильдер мен өсімдіктер болмаған.

Аспанда көздің пайда болуы «Көк сәуле» жобасын сынаудың нәтижесі деген теория шынайы бола алмайды. Қастандық теориясының мәні – құпия әлемдік үкімет осы жобаның көмегімен адамзатты құлдыққа түсіруге тырысатындығында. Бұл үшін NASA қызметкерлері аспанда мессияның шынайы бейнесін көрсетеді, ал Жердің әр тұрғыны белгілі бір сөздер естиді екен. Жобаның бар екендігіне ешқандай дәлелдер жоқ. Бұл туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.

Фейк: «Голограммасы бар видео қастандық теориясын растайды»

 

Әлеуметтік желі қолданушылары әлемдік үкіметтің қастандығының дәлелі ретінде әдеттен тыс фотосуреттер мен бейнелерді бұған дейін де ұсынған болатын. Біз ондай фейктерді жоққа шығардық.

Қорыта айтқанда, таратылып жүрген фотосуреттер графикалық редакторлардың көмегімен өзгертілген және түпнұсқа болып табылмайды. «Көк сәуле» жобасы – бұл ешқандай дәлелі жоқ конспирологиялық теория.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button