Fake News

Ұлттық статистика бюросы басқа адамдар үшін санақ парақшаларын толтыру туралы хабарламаға түсініктеме берді

Мессенджерлерде ұйымдардың қызметкерлерін басқа адамдар үшін парақшаларды толтырып, онлайн халық санағына қатысуға мәжбүрлейтіні туралы хабарлама тарады. Ұлттық статистика бюросы бұл ақпаратқа қатысты пікірін білдірді.

«Әлеуметтік желілерде адамдардан басқа азаматтар үшін санақ парақшаларын толтыруды сұрайтыны туралы ақпарат таратылуда. Ұлттық статистика бюросы тарапынан мұндай талап қойылмағанын ресми түрде мәлімдейміз. Осыған байланысты, осындай фактілер анықталған жағдайда sanaq.gov.kz сайтында көрсетілген телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз. Атап өтетін жайт, азаматтардың жеке деректерінің құпиялылығына ел заңнамасымен кепілдік беріледі. Ел азаматтарынан келіп түскен өтініштер бойынша Бюро онлайн-санақты қайта бастау туралы шешім қабылданды. Ол халық санағын өткізудің соңына дейін қолжетімді болады. Еліміздің барлық тұрғындарын маңызды іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз!»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button