Fake News

Фейк: «Қазақстан – вакцинациялау, цифрландыру және жыныстық ағартуды сынақтан өткізуге арналған полигон»

Қазақстандықтар Мария Шукшинаның дәрігер Қайырғали Конеевпен және журналист Ирина Каримбаевамен сұхбатын талқылауда. Олар Қазақстанда адамгершілікке жатпайтын заңдар қабылданатынын, кейіннен олардың басқа елдерде, мысалы, Ресейде қолданысқа енгізілетінін сөз етеді. Мысал ретінде мәжбүрлі вакцинациялау, мектептердегі жыныстық ағарту және ауқымды цифрландыруды келтіреді.

Шын мәнінде, бұл мәлімдемелердің бәрі шындыққа жанаспайды.

2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте Қазақстан Республикасының кез келген азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық егулерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе бас тартуға» құқығы бар нормалар нақты белгіленген. 16 және одан жоғары жастағы балалардың профилактикалық және консультациялық-диагностикалық көмек алудан хабардар түрде бас тартуға құқығы бар. Демек, мәжбүрлі вакцинациялау бойынша мәселе жоқ.
Цифрландыруға келетін болсақ, кейін Ресейде енгізу үшін инновацияларды алдымен Қазақстанда «қолданады» деген сөздердің дәлелі жоқ. Ресей Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту рейтингінде Қазақстаннан жоғары тұр. Ресейде қолданылатын интернет-трафик пен деректер ай сайын көбейеді. Қазақстан бұл рейтингте 29-шы орында, ал Ресей Федерациясы АҚШ, Израиль, Франция және Австрия сияқты елдерді басып озып, 11-ші орынға жайғасқан.
Қазақстандық оқушыларға сабақта жезөкшелік, бір жынысты махаббат және жыныстық өмірдің қыр-сыры туралы айтатыны туралы хабарламалар бірнеше рет теріске шығарылған болатын. Оқушылар репродуктивті денсаулық және гигиеналық тәрбие туралы білімді химия, биология, өзін-өзі тану, тіршілік қауіпсіздігі негіздері бойынша мектеп бағдарламасы аясында алады.

«Орта білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту «Аазаматтардың репродуктивті құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, Қазақстан Республикасындағы адамгершілік-жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдамаға және Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес іске асырылады», – деп хабарлады ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Демек, сұхбатта айтылған сөздердің ешқайсысы сенімді дерек емес. Тезистердің барлығы бұған дейін теріске шығарылған немесе шындыққа жанаспайды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button