Фейк: “COVID-19 қарсы вакцинацияның мақсаты – адамзатты жою”
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде COVID-19-дан вакцинацияланғандардың барлығының тез өлетіні туралы “болжамдарды” тағы да таратуда. Бұл жолы ұқсас идеяларды видеода доктор Вернон Колеман айтады. Оның сөзінше, вакциналар пайдасыз, ал вакцинация науқанының жалғыз мақсаты – мүмкіндігінше көп адамды жою. Сондай-ақ, оның пікірінше, вакциналар егілмеген адамдар үшін де қауіпті, өйткені екпе салдырған адамдар аса қауіпті. Мұның бәрі жалған.
Вернон Коулман тараған видеоның басында ешқашан асыра айтпайтынын және болжамдары әрқашан дәл болатындығын мәлімдейді. Бұл олай емес. Шын мәнінде, доктор Коулман – қастандық теорияларының танымал жақтаушысы және оның тұжырымдары бірнеше рет теріске шығарылды. Ал болжамдарының ешқайсысы орындалмаған.
Коулман парақшалар түрінде таратқан вакциналар мен «жалған пандемияның” зияны туралы ақпаратқа COVID-19-бен ауырған адамдар да наразылық танытып, мұндай әрекетті “жиіркенішті” деп атады.
Дәрігердің “пайдасыз” препараттармен вакцинациядан әлем халқының көп бөлігі қайтыс болады деген идеялары оның вакциналар биологиялық қару болып табылады және пандемия жаңа әлемдік тәртіпті орнату үшін “ойдан шығарылған” деген бұрынғы пікірлеріне негізделген. Бұл тезистер жоққа шығарылды.
Вакцинацияланған адамдармен қарым – қатынас жасау вакцинаны әлі алмаған адамдар үшін қауіпті деген теория ғылымғақарсы. Бұған ешқандай дәлел жоқ. Осы уақытқа дейін вакцинацияланған адаммен байланыс нәтижесінде пайда болған аурудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Естеріңізге сала кетейік, әлемде жаппай вакцинация 2020 жылдың желтоқсанында басталды, ал адамдарда вакциналарды сынау басталғаннан бері бір жылдан астам уақыт өтті.
Вакцина салдырған адамдардың екпе алмағандармен қарым-қатынасы қауіп төндіре алмайтыны туралы толығырақ бұған дейін жазған болатынбыз.
Вакциналардың пайдасыздығы және олардың инфекцияны болдырмауға қабілетсіздігі туралы мәлімдеменің де негізі жоқ. Бұл теорияға қайшы келетін мәліметтер бар. Бүгінгі таңда халықтың көп бөлігі егілген елдерде КВИ ауруының күрт төмендегені байқалады.
Канадада азаматтардың 67.52% вакцина алды. Онда сырқаттанушылық статистикасы 80% – ға төмендеді. Ұлыбританияда тұрғындардың 64.93% вакцинацияланған, ауру статистикасы 60% төмендеді тұрғындардың 63.98% вакцинацияланған Израильде ауру 95.8% – ға төмендеді.
Айта кетейік, бұл елдерде өлім-жітімнің өсуі байқалмайды, сонымен қатар вакцинацияланған адамдар арасында түсініксіз жаппай өлім жағдайлары тіркелмеген.
Демек, доктор Вернон Коулманның тұжырымдары қазіргі кездегі фактілерге қайшы келеді немесе бірнеше рет теріске шығарылған қастандық теорияларының қайталануы болып табылады.
Бұған дейін вакцинацияланған адамдар жақын арада өледі дегенге сенуге негіз жоқ екенін түсіндірген болатынбыз.