Fake News

Фейк: «Ежелгі үңгірден нефилим қалдықтары табылды»

Әлеуметтік желілерде «ғалымдардың ертегілерін өзгертетін» бейнеролик таралды. Видео авторы алып жыланның қаңқасымен оралған адамдікіне ұқсайтын үлкен қаңқаны түсіреді. Видео астында, бұл ежелгі алып нефилимнің қалдықтары делінген. Бұл жалған.

Нефилимдер – бұл Киеелі кітап кейіпкерлері, періштелер мен адамдардың ұрпағы болған алыптар. Бұл – миф, олар ешқашан болмаған.
Видеода көрсетілген қаңқа ежелгі алыптікі емес, тіпті оны қаңқа деп атау да қиын. Бұл -2018 жылдың қараша айынан бастап 2019 жылдың ақпан айына дейін Тайландта өткен заманауи өнер көрмесінің экспонаты. 
Мүсіннің авторы – суретші Ту Вэй-Чэн. Ол Таиландтағы алғашқы биеннале үшін Краби провинциясындағы үңгірлердің бірінде қазба жұмыстарына ұқсас етіп, туынды әзірлеген. Алып адам мен жыланның қаңқалары пластиктен жасалған. Бұл композицияның атауы – «Қирандылар алыптары».


Осы және басқа да экспонаттарға 2019 жылдың қаңтарында Bangkok Post газетінде егжей-тегжейлі сипаттама берілді.
Инсталляция орны келушілер үшін ашық болды. Алып қаңқаның әуесқой суреттерін саяхатшыларға арналған сайттардан көруге болады. 
Демек, таратылған видео ғылыми фактілерге қайшы келмейді және нефилимдердің бар екенін дәлелдемейді. Көрсетілген қаңқа – қазіргі заманғы өнер көрмесіне жасалған пластик мүсін.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button