Жалған: «Азық-түлікті жою тапшылық тудыру үшін жасалады»
Қазақстандықтар Желіде тонналаған сәбізді трактормен басқан бейнероликтер таратуда. Пайдаланушылардың пікірінше, биліктің бұл әрекеті аштық болуы үшін әдейі жасалып отыр. Жағдайды талқылайық.
Шын мәнінде, өнімдерді жою туралы бейнероликтер Қазақстаннан тыс жерлерде түсірілген. Сәбізді басқан трактордың видеосы Ресейде түсірілген. Осыған байланысты алдыңғы роликте автор көкөністің бағасын рубльмен айтады. Көкөністерді жерге тастап жатқан жүк көліктердің видеосы 2020 жылы Испанияда түсірілген. Бұл видео испан фермерлері бағаны төмендетпеу үшін өнімнің бір бөлігін жоюды жөн көргені туралы жаңалықтарда иллюстрация ретінде пайдаланылған.
Ресейде азық-түлік өнімдерін жою жаңалық емес. Бұл азық-түлік эмбаргосына байланысты. 2014 жылғы 6 тамызда Владимир Путин Ресей тұрғындарына экономикалық санкциялар салған мемлекеттерден ауылшаруашылық өнімдерін, шикізат пен азық-түлік әкелуге тыйым салу немесе шектеу туралы Жарлыққа қол қойды. Кейіннен ел билігі Еуропалық одақтан, АҚШ, Норвегия, Австралия, Канада және басқа да бірқатар елдерден әкелінген өнімдерді жою туралы шешім қабылдады.
Бүгінде, 2021 жылы, оның аштыққа әкелмегені анық. Секциялық өнімдерді жоюдың мақсаты аштық тудыру емес. Ел билігі бұл қадам экономикалық тұрғыдан негізделген және азаматтардың әл-ауқатына қауіп төндірмейді деп мәлімдеді.
Демек, Желіде тараған роликтердің Қазақстанға еш қатысы жоқ. Елімізде аштық немесе азық-түлік тапшылығы жоқ. Сонымен қатар, азық-түлік әдейі тапшылық жасау үшін жойылды деген теория расталмаған.