Жаңалықтар

Вакцинацияланған адамдармен қарым-қатынас жасау екпе жасатпаған адамдарда бөртпелердің пайда болуына әсер етпейді

Конспирологиялық теорияларға сүйетіндер қазақстандықтар COVID-19-ға қарсы егілген адамдармен қарым-қатынас туралы оқиғалармен бөлісуде. Осындай хабарламалардың бірінде вакцинацияланған адамдармен болған байланыстан кейін екпе жасатпағандардың денесі бөртіп, басқа да ауырсынулар болатыны айтылған. Бұл өтірік.


Пайдаланушылар Telegram мессенджерінде әжесімен кездескеннен кейін қызының денесіне бөртпе шыққан әйелдің оқиғасын баяндауда. Бұл ретте суретте қызылша мен қызамыққа тән қызыл бөртпе көрсетілген.
Мұндай симптомның COVID-19 қарсы вакцина алған адаммен байланыстан кейін болатынына ешқандай дәлел жоқ.
– COVID-19 қарсы екпе алған адамдар вакцина компоненттерін басқаларға бере алатындығына немесе бір адамның вакцина алуы басқалардың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін екендігіне ешқандай дәлел жоқ, – деді NIH биомедициналық зерттеулер агенттігінің өкілі Reuters басылымына.

Бұған дейін қастандық теориясын жақтаушылар вакцинацияланған адамдармен байланыста болудың нәтижесінде екпе жасатпағандарда қан кетуге әкеледі деп хабарлаған, бірақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл тезисті жоққа шығарды.
– «COVID-19 қарсы вакцина алған адамдармен байланыста болғаннан кейін қан кету жағдайлары тіркелмеген. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомстводан.

COVID-19-ға қарсы вакцина алғандар екпе жасатпағандар үшін қауіпті емес

Вакцинацияланған адамдармен қарым-қатынастан кейін түсініксіз белгілердің дамитыны туралы ақпаратты батыс мамандары да жоққа шығарып отыр.

– Бұл клиникалық сынақтар кезінде қауіпсіздігі мен тиімділігін көрсеткен бірқатар вакциналарға деген сенімді әлсірету үшін жасалған қастандық, – деді америкалық акушерлер мен гинекологтар колледжінің практикалық қызмет жөніндегі вице-президенті доктор Кристофер Зан Reuters-ке берген сұхбатында.
Қорыта айтқанда, вакцинацияланған адамдармен сөйлескеннен кейін пайда болатын түсініксіз белгілер туралы болжамдар – ойдан шығарылған және манипуляция. Мұндай құбылыстар болуы ықтимал деп айтуға негіз жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button