Fake News

Фейк: «Жаппай вакцинациялау және індет кезеңдері үлкен технологиялық серпілістермен бірге болады»

Танымал қазақстандық Telegram-арналардың бірінде тарихта жаппай вакцинациялау мен індеттің барлық кезеңдері әрқашан технологиялардағы серпілістермен, атап айтқанда 1G, 2G, 3G, 4G және 5G желілерінің іске қосылуымен қатар болады деп жазылған кесте таратылуда. Бұл өтірік.


Қазнет пайдаланушылары атап көрсеткен сәйкестіктер кездейсоқ болып табылады және адамдар сенетіндей етіп жасалған. Алайда, егер вакциналар мен індеттердің даму тарихын ұялы байланыс тарихымен толық салыстыратын болсақ, онда олардың арасында ешқандай байланыс жоқ екенін көреміз.
Әлемдегі алғашқы вакцина 1796 жылы әзірленді, ол шешек ауруының алдын алу үшін жасалды.
1801 жылы жаппай вакцинациялау Патшалық Ресейде, ал 1802 жылы АҚШ-та жүргізілді.
Кестеде айтылған радиобайланыс бір ғасырдан астам уақыттан кейін ғана ойлап табылды. Алғашқы жоспарланған радиохабар 1920 жылы 2 қарашада өтті. Бұл оқиғаның Испан тұмауы пандемиясына ешқандай қатысы жоқ, өйткені сол кезде ауру туралы бұрыннан белгілі болған және одан жүздеген адам көз жұмған. Испан тұмауының алғашқы жағдайы бұған дейін екі жыл бұрын – 1918 жылдың 4 наурызында тіркелді.
Сонымен қатар, тұмауға қарсы вакцина тек 1940 жылдары ғана жасалды, содан бері препарат вирустың әртүрлі штамдарынан қорғай алатындай етіп жетілдірілді.
Демек, тұмауға қарсы вакцинациялау мен 1980 жылы 1G желілерінің іске қосылуының арасында байланыс жоқ. 
Кестеде айтылғанымен, 1991 жылы Финляндия 2G желілерін іске қосудың да тырысқақ ауруының өршуіне қатысы жоқ. 
Тырысқақ белгілері бар ауру туралы алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі 4 ғасырда жазылған. Бұл ауру ошағы туралы 1543 жылы болған. 2G желілері іске қосылған жылы тырысқақ аурулары технология іске қосылған Финляндияда емес, Америкада тіркелген. 
Сондай-ақ, кестеде құс тұмауы індеті 1998 жылы 3G желілері іске қосылғанда болған деп айтылады. Шын мәнінде, бұл екі оқиға бір-бірімен байланысты емес, өйткені құс тұмауын төрт түрлі штаммды тудырады және аурудың ең үлкен ошақтары 1997, 2013, 2014 және 2016 жылдары тіркелді.
2009 және 2010 жылдары тіркелген доңыз тұмауы ошағы Мексикада болды. Автор кестеде мұны 4G желілерінің іске қосылуымен байланыстырғанымен, бұл оқиға сол жылы бірақ басқа жерде орын алған. Бұл технология бойынша алғашқы желілер Швеция мен Норвегияда өз жұмысын бастады.
Желі қолданушылары COVID-19 пандемиясымен байланысты деп санайтын 5G инновациялық технологиясы ауру жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгенге дейін іске қосылған. Жаңа буындағы желінің аурудың таралуына әсерін мамандар мен фактчекерлер бірнеше рет жоққа шығарды.

Демек, таратылған кестенің жаппай вакцинациялау мен індеттердің жаңа ұялы технологияларының іске қосылуымен байланысын дәлелдемейді. Әлемдегі алғашқы вакцина бірінші ұялы байланыс немесе радио желісі орнатылғанға дейін жасалған және иммундау тарихы байланыс технологиясының дамуымен байланысты емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button