Fake News

Фейк:«Егілген адамдардан электромагниттік сәулелер шығады»

Telegram чаттарда егілген адамның электромагниттік сәулелері өлшенген видео таратылуда. Құрылғы өте жоғары нәтиже көрсеткеннен кейін, вакцинацияланған адамдардың жанында болу денсаулыққа қауіпті деген қорытынды жасалады. Бұл жалған.

Біріншіден, видеодағы адамның вакцина салдырғанына ешқандай дәлел жоқ. Екіншіден, видеодағы құрылғының жарамдылығын растау мүмкін емес, сонымен қатар кадр сыртында электромагниттік сәулелену көздерінің тұрмағанын айту қиын.
Адам ағзасында вакцинациялануға қарамастан, өз радиациясы болады. Көп жағдайда, бұл инфрақызыл сәуле, өйткені адам ағзасының температурасы 31-ден 42°C-қа дейін жетеді. Сондай-ақ, адам ағзасы жасушалардан тұрады, олар өз кезегінде электр заряды бар атомдардан құралады. Осылайша, адамнан өте әлсіз болса да, электромагниттік сәулелер шығуы мүмкін. 
Вакциналар адамның электромагниттік сәулеленуіне әсер ете алмайды. Олардың құрамына металдар, магниттік бөлшектер және сәулелену күшіне әсер етуі ықтимал басқа компоненттер кірмейді.
Вакциналардың құрамы, жанама әсерлері және сынақ нәтижелері туралы толық ақпаратты мына жерден табуға болады:
Moderna;
Pfizer/BioNTech;
Janssen;
Sinopharm (Hayat-Vax);
Sputnik-V;
QazVac.
Вакцинацияланған адамдар электромагниттік сәулеленудің қауіпті жоғары деңгейіне ие болуы мүмкін деген ақпаратты Джон Хопкинс университеті медицина факультетінің жұқпалы аурулар бөлімінің профессоры доктор Стюарт Рэй жоққа шығарды.
– Вакцинацияланған адамдарды ерекшелейтін ештеңе жоқ. COVID-19 қарсы вакциналар иммундық реакция тудыру үшін адамның жеке биологиялық механизмін қолданады және сол механизм үнемі жұмыс істейді. Бұл иммундық жүйе қалыптастыратын қарапайым процесс және электромагниттік сәулеленумен байланысты емес. Видеода бәрін де жасауға болады», – деді ол басылымға PolitiFact.com.
Демек, таратылып жатқан видеоны сенімді деп санауға болмайды. Вакцинацияланған адамдар қауіпті электромагниттік сәулелер шығарады деген теория дәлелденбеген және ғылымға қарсы.
COVID-диссиденттер вакциналар магниттік қасиеттерге ие деп бұған дейін де мәлім еткен. Желіде магниттер вакцинацияланған адамдарға тартылады, ал вакциналардың құрамында алюминий, магниттік нанобөлшектер және графен нанотүтікшелері бар деген фейк тараған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button