Fake News

Алаяқтар Еңбек ұтқырлығы орталықтарының атынан әрекет етеді

Қарағанды облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы азаматтарды алаяқтық жағдайлар туралы ескертеді.

Соңғы уақытта алаяқтардан жеке шағын бизнесті дамыту немесе жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтеусіз гранттар алуға көмек көрсету ұсыныстары бар қоңырау шалу жағдайлары жиілеп кетті.

Орталықтың хабарлауынша, жұмысқа орналасуға және мемлекеттік көмек алуға байланысты барлық қызметтер тегін ұсынылады және Enbek.kz ресми порталы арқылы офлайн және онлайн режимде қол жетімді.

«Қоңырау шалу кезінде алаяқтар өздерін Мансаптық орталықтардың қызметкерлері ретінде танытады, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпаратпен, қауіпті фишингтік сілтемелермен электрондық хаттар жібереді», – дейді ведомство өкілдері.

Зиянкестер мынадай тәсілдерді пайдалана алады:

  • жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді ресімдеуге көмек көрсету.
  • қайтарымсыз, өтеусіз гранттарды алуға көмек көрсету.
  • есептелген атаулы әлеуметтік көмек туралы хабарлауға және ақша қаражатын алуға көмек ұсынуға, сол арқылы төлем карталары деректерін және т.б. тартады.
  • нақты ұйымдардың, мемлекеттік қызметтердің және жұмыс берушілердің телефондарына телефон нөмірлерін ауыстырады.

Мансап орталықтарының қызметкерлері:
– жұмысынан айырылу бойынша ешқандай әлеуметтік төлемдерді ресімдемейді;
– гранттарға үміткерлер арасынан жеңімпаздарды іріктеу жөніндегі арнайы уәкілетті комиссияның шешіміне ықпал ете алмайды;
– ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға көмек көрсетпейді;
– кез келген ақшалай төлемдерге ешқандай қатысы жоқ;
– өз қызметтері мен іс-шараларға қатысқаны үшін ақша талап етпейді.
Сұрақтар туындаған жағдайда + 7 (775) 644 35 80 (WhatsApp), Call centr +7(7212) 60 50 50 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуға немесе жазуға болады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button