Fake News

50 000 теңгелік мемлекеттік субсидия туралы хабарлама – фейк

What ‘ sApp мессенджерінде қазақстандықтарға ҚР Қаржы министрлігінен белгілі бір «мемлекеттік субсидия» төлеу туралы хабарлама таратылуда. Бұл фейк.


Хабарламада ұсынылған ҚР Қаржы министрлігінің сілтемесі іс жүзінде бөгде ресурсқа апаратыны көрініп тұр.
Министрліктің ресми порталында мемлекеттік субсидиялар төлеу туралы хабарландыру жоқ.
Мұндай төлемдер туралы БАҚ-та да, басқа ресми ресурстарда да хабарланған жоқ.

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінен.

Сонымен қатар, ақпаратты фейк екенін «субсидияны» алу әдісінен-ақ байқауға болады – хабарлама авторлары төлемдер туралы ақпаратты What ‘ sApp-та 20 адамға немесе бес топқа жіберуді ұсынады. Қазақстан Республикасында әлеуметтік төлемдер бұлай тағайындалмайды. 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазнетте «өмір жәрдемақысын» ресімдеу және «2022 жылға арналған көмекті қолдау қорынан» төлем алу туралы фейк ұсыныстар таратылған болатын. 

Кибер-алаяқтар қазақстандықтарды «өмір жәрдемақысын» төлейміз деп алдауда

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button