Fake News

Жалған: «Магниттік ұлтарақ, белбеу немесе білезік магниттік дауылдар кезінде өзіңізді жақсы сезінуге көмектеседі»

Әлеуметтік желілерде магниттік дауылдардың адамның әл-ауқатына зиянды әсері туралы видео тарады. Бұл жағдайда магниттік ұлтарақ, белбеур немесе білезік көмектесе алады екен. Бұл рас па? Анықтайық.

Видеода автор магниттік дауыл салдарынан қанның тұтқырлығы, тромбтардың пайда болу үрдісі және тіндер гипоксиясы артады, газ алмасуы төмендейді, қан қысымы жоғарылайды дейді. Сондай-ақ бас ауруы күшейіп, инфаркт, инсульт және гипертониялық дағдарыстар көбейеді. Бұл темірге бай эритроциттер немесе немесе қанның қызыл түйіршіктері магниттік толқындарға тартылып, тамырлардың жоғарғы қабырғасына жабысып қалуынан болады. Алайда, автордың айтуынша, магниттік ұлтарақ, белбеу немесе білезіктің көмегімен бұл құбылысқа қарсы тұруға болады, өйткені қандағы темір элементтері төмен қарай тартылады.

Магниттік дауыл адам ағзасына әсер етеді, бірақ автор сипаттағандай емес. Сонымен қатар магниттік ұлтарақ та, білезік пен белдік те адамның әл-ауқатын жақсартпайды немесе қандай да бір жолмен магниттік дауылдарға төтеп бере алмайды. Магниттер дауыл кезінде неге көмектеспейтінін және қандай тиімді әдістер бар екенін түсіндірейік.

Магниттік дауылдар Күн белсенділігінің жоғарылауынан, дәлірек айтсақ, заряды Жердің магнит өрістеріне әсер ететін жарқылдардан туындайды.

Ғалымдардың пайымдауынша, геомагниттік дауылдар Жердің электр және магнит өрістеріне әсер еткенде, олар тірі организмдердің қызметіне де әсер етуі мүмкін. Геомагниттік дауылдар жүрек-қан тамыр жүйесіне ерекше әсер етеді, соның салдарынан қан қысымы жоғарылайды, инфаркт пен инсульт саны, қанның тұтқырлығы мен тромбтардың пайда болуы артады, газ алмасуы төмендейді және бас ауруы күшейеді.

Сондай-ақ магниттік дауылдар ағзада мелатониннің төмендеуіне әкеледі және стресс факторлары ретінде әрекет етуі мүмкін (яғни, стресстік жағдайлардың пайда болуына әкелетін факторлар), жалпы өлім-жітімді арттырады.

Бірақ магниттік дауылдар кезінде магниттік ұлтарақ, белбеу, білезік, кез келген басқа магнит көмектеспейді. Видеода олар құрамында темір бар қызыл қан жасушаларын магнитпен тартатындығымен пайдалы делінген. Алайда, бұл шындыққа жанаспайды. Егер бұл рас болса, кез-келген магнит адамға, тартылатын еді тіпті тоңазытқышқа жабысып тұрған кәдесыйлар да.

Мұны былай түсіндіруге болады: магнит темірді тартады. Бұл металл біздің қанымызда, дәлірек айтсақ, қызыл қан жасушаларында болады. Ересек адамның ағзасындағы темірдің жалпы мөлшері – 3,5 грамм, ал қанда – 2. Бұл өте аз. Эритроцит, тромбоцит және лейкоциттен басқа, қанның 60% плазмадан тұрады, өз кезегінде ол негізінен судан тұрады. Ал су, керісінше, магниттерді итереді. Сонымен қатар қан ағзада үнемі айналады және бұл магниттердің әсерін одан сайын төмендетеді.

Дегенмен, метеосезімтал адамдарға көмектесетін бірқатар нұсқау бар.

Магниттік дауылдар кезінде физикалық белсенділікті, әсіресе жүрек-қан тамыр жүйесіне салмақты азайтып, қысымның өзгеруіне жол бермей, адамдардың көп жиналатын жерге бармау керек. Сондай-ақ валериан, шайқурай және бозғылт сасықшөп сияқты тыныштандыратын шөптер ішуге.

Сонымен қатар магниттік дауыл кезінде темекі шегуді, алкоголь ішуді тоқтатып, ащы, өткір, қуырылған және ысталған тағамдарды тұтыну ұсынылады, өйткені мұндай тағамдар сұйықтықты ағзада сақтайды. Бірақ суды көп ішу керек.

Демек, ешқандай магнит, соның ішінде магниттік ұлтарақ, белбеу және білезік адамның әл-ауқатын жақсартпайды және магниттік дауылдар кезінде көмектеспейді. Алайда, ауа райына тәуелді адамның әл-ауқатын жеңілдететін басқа да құралдар бар.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button