Fake News

Интернет туралы ең танымал мифтер

Дүниежүзілік желі отыз жылдан астам уақыттан бері бар. Қазір онсыз өмірімізді елестету қиын. Интернет арқылы соңғы жаңалықтарды оқимыз, заттар сатып аламыз және жақын адамдарымызбен сөйлесеміз. Кейбір адамдар үшін бұл ақша табу және білім алу мүмкіндігі. Бүгінде бүкіләлемдік ғаламтор туралы мифтер көп. StopFake.kz олардың ішіндегі ең танымалына тоқталады.

 

№ 1 Миф: Әлем бойынша Интернетті өшіріп тастауға болады

Теориялық тұрғыдан мүмкін, бірақ іс жүзінде мұны жасау өте қиын. Интернет – бұл әлем бойынша тараған мәліметтерді өңдеу орталықтары мен ғарыштан сигналдар тарататын жерсеріктердің қалалар мен елдерді байланыстыратын кабельдерінен тұратын ауқымды әрі күрделі жүйе. Яғни, Интернетті толығымен өшіру үшін осының бәрін бұзу керек. Адамзатты Бүкіләлемдік ғаламтордан ажырата алатын бір «түйме» жасау идеясы бірнеше рет айтылды. Алайда, бұл ұсыныс сынға ұшырап, жүзеге асырылып көрген емес.

 

№ 2 Миф: компьютердің IP мекен жайы бойынша үйдің мекен жайын анықтауға болады

Жоқ. Сіздің Интернеттегі IP мекен жайыңыз – бұл провайдеріңіздің DNS серверінің мекен жайы. Бұдан басқа, компьютерде интернетке жаңадан қосылған сайын өзгеріп отыратын динамикалық IP мекен жай болады. Оны зиянкестер білгенімен сізді тани алмайды – олар тек қалаңызды және провайдер компанияның атауын ғана анықтайды. Ал арнайы органдар анықтай алады. Егер құқық қорғау органдары пайдаланушыдан заңсыз әрекет етті деп күдіктенсе, онда сізге Дүниежүзілік Желіге кіруге мүмкіндік беретін компанияға жүгінеді. Олар арнайы қызметтердің өкілдеріне сіздің динамикалық IP және байланыс мәліметтеріңіз көрсетілген провайдермен жасалған келісім-шартыңызды береді.

 

№ 3 Миф. Арнайы қызметтер Интернеттегі барлық хабарламаларды оқиды

Қазақстанда азаматтардың жеке хат-хабарын және олардың желідегі іс-әрекеттерінің тарихын ешкім тұрақты түрде қадағаламайды. Арнайы қызметтер белгілі бір адамнан заң бұзды деп күдіктенсе ғана оның хабарламаларына оқуға мүмкінідк алады.

 

№ 4 Миф. Интернетте жасырын атпен заңсыз қару сатып алуға, киллер жалдауға болады

Бақытымызға орай, олай емес. Жаһандық ғаламторда заңсыз қару-жарақ саудасы бары рас. Әдетте, қылмыскерлер Даркнет және «Терең интернет» деп аталатын қорғалған жасырын желілер мен іздеу жүйелерімен индекстелмейтін парақшаларды пайдаланады. Алайда барлық елдердің арнайы қызметтері онымен белсенді күрес жүргізуде. Сатушылар мен сатып алушылар анықталып, заңмен қатаң жазаланады.

Желіде киллер жалдау туралы көптеген фейктің «атасы» «Беса Мафия» сайты саналады, ол тамақ жеткізу қағидаты бойынша жаудың көзін құртуға тапсырыс беруді ұсынды. Кейіннен Юра есімімен белгілі порталды жасаушының өзі порталдың жалғыз мақсаты қаскөйлерін өлтіруге «тапсырыс берген» пайдаланушылардан ақша талап ету болғанын мойындады. Бұл пайдаланушылардың деректері құқық қорғау органдарына берілді.

 

№ 5 Миф: Интернет-валюта және биткоиндер – алаяқтық

Криптовалюталар әдеттегі ақшаға балама ретінде жасалды. Онымен Интернетте сатып алған зат үшін төлем жасауу ыңғайлы деп саналады, өйткені виртуалды ақша бүкіл адамзат үшін бірыңғай валютаға айналады. Алайда кейбір елдерде криптовалюта саласын реттеуге арналған заңдар әлі әзірленбегендіктен оларды пайдалануға тыйым салынған.

Тиісінше, ондай елдердің тұрғындарына оларды қандай да болмасын шарттармен сатып алудың қажеті жоқ. Қазақстанда криптовалюталар майнингіне ресми рұқсат етілген, және «Ақпараттандыру туралы» заңға сәйкес салық салынады.

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button