Fake News

Конспирология: «Бұрын Жер бетінде алыптар тұрған, ал ағаштар таудан биік болған»

Әлеуметтік желі қолданушылары ерекше жартастар мен археологиялық олжалар көрсетілген слайд-шоумен бөлісуде. Бұл суреттер бұрын жер бетінде алыптар тұрғанын, ал қазіргі жартастар – ежелгі циклоптық ағаштардан қалған түбіршек екенін дәлелдейді. Бұл конспирология.

Алыптар, биік ағаштар, жалпақ Жер, тіпті ядролық соғыс туралы айтылған қастандық теориясы ауқымды және балама тарих теориясы деп аталады. Қысқаша айтқанда, онда бұрын Жер бетінде қазіргі адамдарға қарағанда әлдеқайда ақылды және дамыған алыптар өркениеті болған деп айтылады. Климат әлдеқайда қолайлы болған, бұл биік ағаштар мен бұрын-соңды болмаған гүлдердің өсуіне мүмкіндік берді. Теория бойынша мұның бәрі 1812 жылы – ядролық қыс тудырған ядролық бомбалау болғанда аяқталды. Конспирологтардың айтуныша, осыған орай биік ағаштар мен алыптар жойылды. Мұндай ауқымды тарихи оқиғаның ешқандай дәлелі неге табылмай отырғанына жауап та қастандық теорияларына ұқсайды – барлық олжаларды Ватикан жасырып отыр.
Шын мәнінде, растау болмағандықтан табылмай отыр.
«Алыптар» мен олардың қалдықтарының фотосуреттері графикалық редакторлардың немесе папье-машенің көмегімен жасалған фейк суреттер.
Ғылыми зерттеулер біздің ата-бабаларымыз, гоминидтер қазіргі адамдардан әлдеқайда төмен болғандығын дәлелдеді. Олардың салмағы орта есеппен 25 келі, ал бойы 125-130 см болды.
Биік ағаштарға келетін болсақ, таратылған топтамадағы фотосуреттерде олар емес, сумен, желмен немесе адамдармен қашалған жартастар көрсетілген. Олардың кейбіреулері шынымен түбіршекке ұқсайды, алайда бұл жағдайда визуалды ұқсастық салмақты дәлел бола алмайды, өйткені тау жыныстарының пішіні көп жағдайда біртүрлі болады.
Сонымен қатар, геологтар жартастар мен жыныстарды, олардың неден тұратынын зерттеп, олардың ағаштар емес екенін сеніммен айта алады.
Бүгінгі таңда әлемдегі ең биік ағашгиперион деп аталатын секвойа. Оның биіктігі – 116 метр. Ол Лондондағы әйгілі Биг Бен сағаты бар мұнарадан 20 метрге биік. Гиперион АҚШ-тың Калифорния штатындағы Редвуд ұлттық паркінде өседі.
Оның да, басқа да алып секвойлардың бар екені адамдардан жасырылып қана қоймай, сонымен қатар өсетін елдердің үкіметтерімен қорғалады.
Олардың діңгектері сырттай және құрылымы жағынан жартастарға ұқсамайды.
Демек, Жер бетінде алыптар тұрғаны және биік ағаштардың болғаны туралы таратылған ақпарат ешқандай дәлелі жоқ ауқымды қастандық теориясының бір бөлігі.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button