Жаңалықтар

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцинаның болуы ғылыми тұрғыдан мүмкін емес»

Қазнетте дәрігер Павел Воробьевтің дәйексөзі келтірілген газет қиындысының суреті талқылануда. Дәрігер COVID-19 қарсы вакцина жоқ, өйткені «бұл вирустың он алты мың мутациясы белгілі» деп мәлімдейді. Бұл жалған.


Павел Воробьев әуелден пандемияны жоққа шығарып, оны «бұрын зерттелмеген аурудың жергілікті өршуі» деп атаған, ал кейіннен коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар трансгенді адамдардың жаңа нәсілін тудырады деп айтқан.
СOVID-19 ауруын тудыратын Sars-CoV-2 вирусының он алты мың мутациясы туралы ақпарат асыра сілтеушілік. Бүгінгі таңда мутацияланған үш штаммның геномдары зерттеліп, анықталдыі: британдық, бразилиялық және оңтүстікафрикалық Жақында. Үндістанда табылған тағы бір штамм зерттелуде.
Ғылыми қауымдастық COVID-19 қарсы вакцина жасауға кіріскен кезде, бұл штамдардың ешқайсысы оқшауланбаған болатын.
Мутациялар арасындағы айырмашылықтарға қарамастан, өндірушілердің зерттеулері қазіргі вакциналар SARS-CoV-2 жаңа мутациясына қарсы тиімді екенін дәлелдейді.
Қазақстанда қолданылатын «Спутник-V» вакцинасы тиімділігін жоғалтпай битандық штаммнан қорғайды. Вирусологтар сонымен қатар препарат Оңтүстік Африка штаммымен күресуге болатындығын хабарлады, алайда тиімділігі төмендейді.
Moderna жасаған вакцина британдық және оңтүстікафрикалық штамдарға қарсы тиімді.
Зерттеушілер Pfizer/BioNTech вакцинасы барлық белгілі мутацияланған штамдарға қарсы қорғайтынын анықтай алды.
Сонымен қатар, Павел Воробьевтің айтуынша, вакциналар түрінде салынатын «генетикалық модификацияланған вирустар бар деп мәлімдейді. Бәлкім, бұл Pfizer/BioNTech және Moderna сияқты препараттарды шығанған мРНҚ платформасындағы вакциналар болар. Мұндай вакциналарды жасау кезінде қандай да бір модификациялары бар немесе онсыз тұтас вирус пайдаланылмайды. Олардың құрамына SARS-CoV-2 штаммының мРНҚ ғана кіреді. мРНҚ-вакциналар гендік инженерияға жатпайды.
Айта кету керек, COVID-19 вакциналарының ДНҚ-ға әсері және олардың адам геномын өңдеу қабілеті туралы аңыз бірнеше рет теріске шығарылды. ДНҚ жасушасы ядросында хромосомалардың құрамында, сондай-ақ митохондрия мен пластидтерде болады. Вакциналардың компоненттері жасушаның осы бөліктеріне енбейді.

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцина ДНҚ өзгертеді, ал миллиардерлер екпе жасатқан адамдарды патенттейді»

Қорыта айтқанда, Павел Воробьевтің тұжырымдары шындыққа жанаспайды және дәлелдеу ғылымына қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button