Fake News

Дәлелсіз: «Candida auris саңырауқұлағы жаңа пандемия тудырады»

Әлеуметтік желілерде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келесі пандемияға Candida auris саңырауқұлағы себеп болады деп мәлімдеді деп жазылуда. Бұл шындыққа жанаспайды.

ДДҰ өкілдері мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Әлеуметтік желілердегі хабарламалар 2022 жылдың қазан айының соңында ұйымның сайтында жарияланған денсаулыққа қауіпті саңырауқұлақтар тізіміне негізделген.

Бұл тізімге барлығы 19 саңырауқұлақ енген, олардың бірі Candida auris.

Оның тізімде болуы оның немесе басқа саңырауқұлақтардың жаңа пандемияға себеп болатынын білдірмейді. Тізім ғалымдар мен меценаттардың назарын дәл осы саңырауқұлақтарды зерттеуге аудару үшін жасалған. 

Candida auris – бұл қауіпті микроорганизм. Ол өкпенің қабынуын, жаралар мен қан инфекцияларын тудыруы мүмкін. Оны егде жастағы адамдар, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы ауруханада жатқан, емделмеген жаралары бар, иммунитеті әлсіреген, жақында антибиотиктермен емделген немесе хирургиялық араласудан өткен адамдар жұқтыруға бейім. Саңырауқұлақ инфекциялары вирустық инфекциялар сияқты таралмайтынын ескерген жөн. Бұл ретте адамнан адамға жұғу сілекей, ірің, қан және басқалар сияқты дене сұйықтықтары арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ саңырауқұлақ жұқтырған затты ұстағаннан кейін де ауырып қалуыңыз мүмкін.

Саңырауқұлақтардан туындаған пандемия тақырыбы желіде көп көтеріліп жүр. Бұл «Біздің кейбіреулеріміз» атты ойын бойынша түсірілген сериал шыққаннан кейін болды. Басты кейіпкерлер кордицепс саңырауқұлақтарын жұқтырған соң адамзаттың көп бөлігі қайтыс болған немесе зомбиге айналған әлемде өмір сүреді. 

Желідегі қызу талқылауға мамандар да қосылды. Атап айтқанда, м.ғ.д. Скотт Робертс сериалда көрсетілген даму сценарийі шындыққа жанаспайды, алайда саңырауқұлақтар адамдардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін дейді. 

Қорыта айтқанда Желіде таралған хабарламаға сенбеген жөн. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келесі пандемия саңырауқұлақтар болады деп мәлімдеген жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button