Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцина ДНҚ өзгертеді, ал миллиардерлер екпе жасатқан адамдарды патенттейді»

Қазнетте дәрігер Керри Мадей түсірген видео таратылуда. Оның пайымдауынша, COVID-19 қарсы вакцина адамның ДНҚ өзгертеді, ал миллиардерлер екпе жасатқан адамдарды өз меншігіне айналдырып, патенттей алатын болады. Шын мәнінде, дәрігер фактілермен манипуляция жасап, ғылыми деректерді бұрмалауда.


Дәрігердің үндеуі жазылған видео осы жылдың шілде айында тараған. Ол кезде ресми түрде 25 кандидат вакцина тіркелген болатын. Қазір ДДСҰ тізіміне клиникалық сынақ сатысындағы 48 және клиникаға дейінгі сатыдағы 164 препарат енгізілді.
Кейбір кандидат вакциналар шынымен инновациялық және бұрын қолданылмаған. Солардың бірі – Pfizer компаниясының вакцинасы.
ДДСҰ тізіміндегі қалған вакциналар вирустық векторлар, белсенді емес вирустар, РНҚ және мРНҚ сияқты әртүрлі платформаларда әзірленген. Вакциналарды сынау туралы есептердің ешқайсысында сынақ жүргізілген жерлердің ДНҚ құрылымындағы өзгерістер немесе бұзылулар түріндегі жанама әсерлер туралы айтылмаған.
Сонымен қатар, бүгінде адам гендерін өзгерту этикаға жат деп саналады және аз зерттелген, бірқатар елдерде оған тыйым салынған.
Адамның гендік инженериясындағы жағдайлардың бәрі баспасөзде кеңінен жарияланады. Мысалы, 2017 жылы сирек генетикалық аурумен ауыратын америкалық геном «түзетілді». Оған ДНҚ-ның зақымдалған бөлігін ішінара алмастыра алатын арнайы препарат енгізілді. Препарат дозасының аз болуына байланысты емдеу еш нәтиже бермеді. Басқа екі еріктіге дозалар ұлғайтылды, осының арқасында олар ауруларынан жазылды. Тәжірибеге қатысқандардың ешқайсысы бала тууды жоспарламаған, сондықтан кейінгі ұрпақтардан байқалуы мүмкін гендік модификацияның салдары болмайды.
2018 жылы Қытайда ЭКҰ көмегімен егіздер дүниеге келді. Әкесінен АИТВ жұқпас үшін олар туылғанға дейін ДНҚ-лары «түзетілді». Бұл медициналық қоғамдастықта дау тудырды, өйткені мұндай тәжірибенің салдары зерттелмеген.
Екі тәжірибе де ұзақ болды және мамандар топтарының қатаң бақылауымен өтті. Мұндай ем жүргізгендердің ешқайсысы оң нәтижеге кепілдік берген жоқ. Демек, адамның ДНҚ-сын препаратты бір реттік енгізу арқылы өзгерту мүмкін емес.
Керри Мадей өз үндеуінде вакциналардың сынақтың барлық кезеңдерінен өтпейтінін айтады. Шын мәнінде, бұл олай емес. Сынақ туралы барлық есептер мен нәтижелер жалпыға қолжетімді. Кейбір кандидаттық вакциналарды әзірлеу уақытының салыстырмалы түрде қысқа болуы ғалымдарға еріктілерді іздеудің қажеті болмағандығымен түсіндіріледі. Препаратқа деген қызығушылықтың жоғары боулының арқасында мыңдаған ерікті тәжірибеге өз еркімен қатысуға ниет білдірген.
Дәрігер бейнероликте айтқан екпе жасатқан адамдарға патент алу – ойдан шығарылған нәрсе. Оған ешқандай дәлел жоқ, оның үстіне бұл тезисті жоққа шығару өте оңай: әлемнің көптеген елдерінде саналы тіршілік иесін патенттеу заңға қайшы болып табылады. Болжалды өзгерістерге келетін болсақ, олар мұндай құқықты бермейді. Гендерді «түзету» тәжірибелеріне қатысушылардың ешқайсысы патенттелмеген. Оның үстіне, бұл мүмкін болған жағдайда, хирургтар органдарды трансплантациялау немесе кардиостимуляр орнату операциясынан кейін де адамдарға патенттер бере алатын еді. Бірақ олай емес.

Жалпы, дәрігер Мадей бейнероликте айтқан барлық тезистер бұрмаланған немесе ойдан шығарылған.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button