Fake News

Құбырлы бұлттар түсірілген бұрынғы видео желіде қайта таратыла бастады

Facebook әлеуметтік желісінде ерекше құбырлы бұлттар түсірілген видео пайда болды. Хабарлама тез тарады, күніне 200-ден аса адам бөліскен. Жазба авторы видеоның Whatsapp арқылы жіберілгенін айтады және биліктен бұл құбылысқа түсініктеме беруді сұрайды. Жазба астында адамдар бұлттардың пайда болуына қатысты пікірлерін қалдырған – кейбір әлеуметтік желі қолданушылары бұлттардың оғаш формасы «белгілі бір химиялық заттарды шашуға» байланысты деп шешкен, ал басқалары халыққа осылай «коронавирус жұқтырып» жатыр деген болжам жасаған.

 

Билік не айтады екен, күтейік.

Опубликовано Шерибеком Асильбековым Суббота, 19 сентября 2020 г.

Шын мәнінде бұл видео бір ай бұрын Қарағанды облысының Жәйрем кентінде түсірілген. Бұл 29 шілдеде Instagram-да жергілікті пабликтердің бірінде жарияланған пост. Онда да осы видео ұсынылған. Ол кезде де әлеуметтік желілерді пайдаланушылар бұлттардың қайдан пайда болғанына қатысты пікірлерімен бөліскен.

Stopfake.kz редакциясы сол күні материал жасап, Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз хатшысының ресми түсініктемесін жариялады, ол барлық қастық теорияларын жоққа шығарды.

Марина Шаповалова өзінің Facebook-тегі парақшасында жазғандай: «Таңертеңгі глория — бұл көлденең бұралған бұлттар түрінде көрінетін сирек кездесетін метеорологиялық құбылыс. Бұл – биіктігі 1-2 км дейінгі бұлттар, көбінесе жерден 100-200 метр биіктікте (әдетте, одан жоғары) орналасады, ұзындығы 1000 км-ге жетіп, сағатына 60 км жылдамдықпен қозғалады».

Достар, бүгін Жәйрем кентінің аспанында осындай бұлттарды көрген боларсыздар. Бұл төтенше жағдай емес, аталған құбылыс …

Опубликовано Мариной Шаповаловой Вторник, 28 июля 2020 г.

 

Сонымен қатар, біз адамдар химиотрассалар деп ойлайтын қабатты бұлттар туралы егжей-тегжейлі материал жасаған болатынбыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button