Fake News

Манипуляция: «Дәрігерлер егу науқанына қатысудан бас тартып, оны «геноцид» деп атайды»

Желіде неміс дәрігерлері COVID-19-ға қарсы жаппай егу компаниясына қатысудан бас тартқаны туралы жаңалық таратылуда. Пайдаланушылардың пікірінше, дәрігерлердің «геноцидке» қатысқысы келмейді. Бұл – манипуляция.


Шын мәнінде, желіде вакцинация компаниясына қатысудан бас тарту туралы бір ғана хат бар.
Сонымен қатар, хат мәтінінде вакцинациядан кейінгі «геноцид» пен жалпы өлім туралы ештеңе жазылмаған.
Дәрігер егу компаниясына қатысудан бас тартуына Pfizer/BioNtech вакцинасының мРНҚ негізінде жасалуы себеп болғанын айтады. Бұл технология адамдарға бұрыннан қолданылып келеді, сондықтан науқастарда асқынулар болуы мүмкін деп санайды дәрігер. Бұл жағдайда заң бойынша қиындықтар туындауы мүмкін.
«Вакцинаны ресми мақұлдау дәрігерлерді әр жағдайда жеке жауапкершіліктен босатпайды», – деп жазады ол өз хатында.
Айта кетейік, Pfizer/BioNtech вакцинасының клиникалық сынақтары оның тиімділігін растады.
10 желтоқсанда өткен брифингте АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) вакцинадан болатын асқынулар мен жанама әсерлерінің толық статистикасын жариялады. Сынақ барысында тәжірибеге қатысқан алты адам (43 448-ден) қайтыс болды. Өлгендердің екеуіне вакцина егілсе, қалған төртеуі плацебо тобында болды. Дәрігерлер осы препаратты қабылдаған топта болған екі адамның өлімі вакцинамен және оны алғаннан кейінгі асқынулармен байланысты емес деп таныды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button