Fake News

Фейк: «Пойыздарда ауыз суға зиянды заттар қосады»

Instagram пайдаланушылары жолаушылар пойыздарының вагондарында орнатылған диспенсерлердегі су қауіпті болуы мүмкін, себебі оған «бірдеңе қосады» деп жазылған постты талқылауда. Бұл туралы жолаушымен әңгімелескен кезде жолсеріктің өзі айтқан екен.

Пост мәтініне қарағанда, оқиға «Алматы-Павлодар» бағытындағы пойызда болған. «ҚТЖ» АҚ әкімшілігі ауыз суға қандай да бір қоспалардың салынатыны туралы мәлімдемені жоққа шығарды.

– Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, өйткені кулерлерге құйылатын ауыз суға бөтелкедегі судың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын барлық қажетті құжаттар бар, – делінген «ҚТЖ» АҚ жауабында.

Сондай-ақ, компания өкілдері болған жағдай туралы қосымша ақпарат жинауға кіріскендерін мәлім етті. Жақын арада тергеу басталады, оның қорытындысы туралы су сапасына шағымданған қазақстандыққа хабарланады.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жолдаңыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button