Фейк аккаунттар

Қазақстандықтарды тегін интернет-трафикпен қызықтырып, фишингтік сайттарға тартады

Қазақстанда «Қазақтелеком» АҚ атынан әрекет ететін жаңа фишингтік сайт ашылды. Пайдаланушыларға елді мекендері, тұрғындары 200 гигабайт тегін интернет-трафик берілетін қалалар тізімінде бар-жоғын «тексеру» ұсынылады. Осыдан кейін пайдаланушыларға бонус алу үшін телефон номерлерін енгізу ұсынылады.

Шын мәнінде, бұл фишингтік сайт. «Қазақтелеком» АҚ ресми порталында мұндай акциялар туралы ешқандай мәлімет жоқ.

– Бұл сілтеме жалған, қазіргі уақытта компанияның қауіпсіздік қызметі және өзге құрылымдық бөлімшелер барлық тиісті шараларды қабылдап, порталды тексеруде. Келтірілген қолайсыздықтар үшін клиенттерімізден кешірім сұраймыз және біздің компанияның ресми ақпараты тек telecom.kz порталында ғана жарияланатынын еске саламыз,- деп хабарлады компанияның PR-қызметі.

Екіншіден, сайттың жалған екендігін оның қарапайым дизайнынан, сервермен қорғалған интернет байланысының жоқтығынан және ағылшын тілді пайдаланушылар қалдырған оң пікірлерден байқауға болады. Есесіне, «Қазақтелеком» тек Қазақстан аумағында ғана провайдер болып табылады.
Фишингтік сайттар – бұл алаяқтарға пайдаланушылардың жеке деректерін, оның ішінде төлем карталары және банктік шоттары туралы ақпаратты ұрлауға мүмкіндік беретін интернет-платформалар. Кибер алаяқтықтың бұл түрі және оны болдырмау жолдары туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтыратын ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp номеріне жіберіңіз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button