Fake News

Алаяқтар Halyk Bank атынан жеке мәліметтерді ұрлайды

Алаяқтар еліміздегі ірі банктердің бірінің атынан қайта әрекет ете бастады. Олар пайдаланушыларға Halyk Bank-тің жалған сайтында жеке ақпаратты және төлем картасының деректерін көрсете отырып, сауалнамадан өтуді ұсынады.

Банктің ресми сайтында мұндай акциялар туралы ақпарат жоқ. Ал алаяқтар туралы ескерту бар.
– Қандай жағдай болмасын ешкімге жеке мәліметтеріңізді, соның ішінде жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін, төлем картасының деректемелерін (16-таңбалы номер, иесінің аты, қолданылу мерзімі, CVV/CVC-код), авторизациялауға арналған SMS-кодтарды жібермеңіз, – делінген хабарламада.
Алаяқтар ұсынған сілтеме қосылуы қорғалмаған фишингтік сайтқа апарады. Яғни, порталда жасалған барлық іс-әрекеттер, соның ішінде «сауалнама» жолдарына енгізілген деректерді үшінші тұлғалар көре алады.
Алаяқтар Halyk Bank атынан бірінші рет әрекет етіп отырған жоқ. Киберқылмыскерлер басқа фишингтік ресурстарда да осындай «сауалнамалардан» өтуді ұсынады.
Бұған дейін StopFake.kz мұндай сайттарды қалай тануға болатыны және олардың неге қауіпті екендігі туралы жазған болатын.

 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button