Fake News

Австралияның Денсаулық сақтау министрлігі SARS-CoV – 2 вирусын планетада бірде-бір адам жұқтырмаған деп мәлімдеген жоқ

Желіде Австралияның Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған құжаттың фотосуреті таратылуда. Онда SARS-CoV – 2 вирусы планетамыздың бірде-бір тұрғынынан табылмаған делінген. Бұл – фейк.


Министрліктің ресми сайтында мұндай құжаттар жоқ. Басты бетте санитарлық нормаларды сақтауға шақыру, COVID-19 жұқтыру қаупі туралы ескертетін мобильді қосымшаға сілтеме және вакцинация мен елдегі жағдайлар туралы соңғы мәліметтер ұсынылған.
Австралияда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың алғашқы жағдайы 2020 жылдың 25 қаңтарында тіркелді. (https://www2.health.vic.gov.au/about/media-centre/MediaReleases/first-novel-coronavirus-case-in-victoria)
Вирус жұқтырған адам 19 қаңтарда ел астанасы Мельбурнге Уханьнан келген. 24 қаңтарда ол шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Оның биоматериалының үлгілерінен SARS-CoV-2 вирусы оқшауланған. 
Бүгінгі таңда Австралияда COVID-19 жұқтырған 29 126 адам тіркелді, 909 адам қайтыс болды. 26 230 науқас сауығып шықты.
Әлемде SARS-CoV-2 вирусы алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында пневмониямен ауырған науқаста нуклеин қышқылын талдау нәтижесінде анықталды. 2020 жылғы 7 қаңтарда Қытай мамандары вирустың геномын анықтады, ал бірнеше күннен кейін оны көпшілікке жариялады.

COVID-диссиденттер Sars-CoV-2 вирусының бар екенін бұған дейін де жоққа шығаруға тырысқан. Қастандық теориясын жақтаушылар вирустың АҚШ пен қытайлық Ауруларды басқару орталықтары мен Ирландияның Денсаулық сақтау департаменті жоққа шығарды де хабарлаған болатын. Бұл хабарламалар жалған болып шықты және фактілермен манипуляциялауға негізделген.

SARS-coV-2 вирусы жоқ екендігі расталды – фейк

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button