Фейк: «Sars-CoV-2 вирусы жоқ»
Қазнет қолданушылары Sars-CoV-2 вирусы жоқ, бұл туралы Ирландия Денсаулық сақтау департаменті «Ақпарат бостандығы» ұйымы жолдаған сауалға берген жауабында мәлім еткен деген жаңалықпен бөлісуде.
Ирландия Денсаулық сақтау департаментінің желідегі «мәлімдемесі» туралы бұрынғы журналист және белсенді Джемма О’Доэрти хабарлады. Ол департамент ғимаратының алдында тұрып, жолдаған сауалға берілген жауаптың басып шығарылған нұсқасын ұстап тұрып, видео түсірген.
Оның айтуынша, хатта Департаментте сауал тақырыбына қатысты деректер жоқ екендігі жазылған.
Айта кетейік, сауалдың өзін Ұлыбритания Үкіметінің азаматтардан келіп түсетін сауалдарға арналған сайттан оңай табуға болады. Алайда, платформада жауап табылмады. Тіпті Денсаулық сақтау департаменті өкілдерінің өтінішке қандай да бір жауап бергенін растайтын мәліметтер де жоқ.
Дегенмен, SARS-CoV-2 вирусының бар екендігіне күмән жоқ. Вирус геномы толығымен шығарылды және осы жылдың 10 қаңтарынан бастап көпшілікке қолжетімді. Мұны бірінші болып қытай ғалымдары жасады.
Осы жылдың наурыз айында Ресей мамандары аурудың динамикасын жақсырақ зерттеу үшін вирустың геномын зерттеп, анықтады деген хабар тарады.
Sars-CoV-2 вирусы туралы толық мәліметтер және оның сипаттамасы ДДСҰ сайтында да ұсынылған.
Айта кетейік, Джемма О’Доэрти қастандық теорияларының жақтаушысы ретінде белгілі. 2019 жылғы шілдеден бастап ол YouTube-те жеккөрушілік сезімін тудырғаны үшін бұғатталған. Оны саясаткерлер мен БАҚ өкілдері бірнеше рет сынға алды. Бұған қарамастан белсендінің өзі саяси мансап құруға үміттеніп, бірнеше рет сайлау науқанын бастаған, бірақ қажетті дауыс санын жинай алмады.
Қорыта айтқанда, SARS-Cov-2 вирусы жоқ деген пікірлер жалған. Денсаулық сақтау департаментінің жауабы шынайы екендігіне ешқандай дәлелдер жоқ. Вирустың геномы, керісінше, белгілі және көпшілікке қолжетімді.
Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.