Фейк: «Омега-3 дәрумені бар капсулалардың құрамы денсаулыққа қауіпті»
Қазнет қолданушылары тәжірибенің бейнежазбасымен бөлісуде. Кадрларда ер адам омега-3 дәрумені бар капсуланы бөлгенде оның құрамы пенопластқа тамшылайтыны көрсетілген. Бір сағаттан кейін витамин түскен жерлерде тесіктер пайда болады. Пайдаланушылардың пікірінше, мұндай капсулалар адам ағзасында тесіктер қалыптастыратындықтан ағзаға зиянды. Бұл олай емес.
Омега-3 капсулаларымен және пенопластпен жасалатын тәжірибе 2016 жылы танымал болды. Ол кезде оны тіпті маркетологтар да «дұрыс» және «бұрыс» дәрумендер бар екенін дәлелдеу үшін қолданған болатын. Пенопластты езіп жібергені «дұрыс» деп саналды. Маркетологтардың айтуынша, егер дәрумен пенопластты езіп жіберсе, ол тамырлардағы холестерин түйіншектерін де жояды. Ал скептиктердің пікірінше, керісінше, егер ол пенопластты бүлдірсе, онда асқазанды да бұзады.
Шын мәнінде, екеуінің де ойлары қате. Омега-2 май қышқылдары екі түрде шығарылады: TG триглицеридтері (Triglyceride) және EE этил эфирлері (Ethyl Ester). Триглицеридтер табиғи форма, ал этил эфирлері зертханада жасалған түрі болып саналады. Этил эфирлері түрінде шығарылған қышқылдар пенопластты езіп жібереді.
Алайда, бұл олар зиянды немесе қауіпті дегеннің белгісі емес.
Іс жүзінде екі форма да ДДҰ-мен мақұлданған және әлемде қолданылады.
Триглицеридтер мен этил эфирлері түріндегі Омега-3 май қышқылдары туралы зерттеулер бұл екі форманың сіңірілуінің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ екенін көрсетеді.
Омега-3 ағазаға зиян келтірмейді, әсіресе ішкі мүшелерін бүлдірмейді. Қоспаны ішке қабылдайтындықтан, ол асқазанға, яғни қышқыл ортаға түсіп, толығымен өңделіп, ағзаға сіңеді.