Fake News

Қытайлық ауруларды бақылау орталығының өкілі Sars-CoV-2 вирусы ешқашан оқшауланбағанын айтпаған

Қазақстандықтар қытайлық ауруларды бақылау орталығының өкілі доктор Ву Цзун Юмен бейне сұхбаттан үзіндіні талқылауда. Кадрда дәрігер «олар вирусты оқшаулаған жоқ, мәселе сонда жатыр» дейді. Желі қолданушыларынің пікірінше, бұл COVID-19 пандемиясының іс жүзінде жоқ екендігінің дәлелі және әлемдік қастандық теориясын растайды. Мұның бәрі – жалған.

Интернетте кеңінен таралған сұхбат осы жылдың 23 қаңтарында NBC арнасындағы Nightly News жаңалықтар бағдарламасы шығарылымының бөлігі болған. Бағдарлама бірнеше сюжеттен тұрады, олардың бірі COVID-19 пандемиясының «жылдығына» және жаһандық локдаунға арналды. Оның бір бөлігі Уханьда түсірілген, және бір жыл бұрын толығымен бос болған мегаполис қалыпты жағдайға орала алғандығы жайлы айтылды.
Доктор Ву Цзун Юмен сұхбат та өткенге қатысты болды. Журналистің Қытай вирус анықталғаннан кейін ол туралы деректермен неге бірден бөліспеді деген сұрағына дәрігер:«олар вирусты оқшаулаған жоқ, мәселе сонда жатыр» – деп жауап берді.


Айта кетейік, АҚШ COVID-19 туралы ақпаратты жасырғаны үшін Қытайды ресми түрде сотқа берді. Сондықтан журналистің сұрағы өзекті және контекстке қарағанда бұрын, вирус анықталған кездегі оқиғаларға қатысты болды.
Естеріңізге сала кетейік, COVID-19 инфекциясын жұқтырудың алғашқы жағдайлары Уханьда 2019 жылғы желтоқсанда тіркелді. 2020 жылғы қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы SARS-CoV-2 байланысты індеттің таралуын Халықаралық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады. Қытайлық ғалымдар тек 10 қаңтарда ғана жаңа вирустың геномын толық анықтап, баршаға қолжетімді болуы үшін жария ете алды. Осылайша, COVID-19 ауруы анықталған кезде оның қоздырғышы, SARS-CoV-2 вирусы шынымен оқшауланбаған және анықталмаған еді. Доктор Ву Цзун Ю нақ осы жайлы айтып отыр.
Қазіргі кезде вирус геномы толықтай белгілі және бірден бірнеше ашық ресурста жарияланған және оны оңай табуға болады.
Sars-CoV-2 вирусы ешқашан оқшауланбаған – бұл бірнеше рет теріске шығарылған белгілі конспирологиялық теория.
Демек, теорияның тағы бір «дәлелі» – бұл тек контекстен алынған сөздер, іс жүзінде бұрын болған жайт туралы айтылған болатын.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button