Фейк: «COVID-19 қарсы вакцина балаларға ата-аналардың келісімінсіз жасалады»
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде балаларды COVID-19-ға қарсы вакцинациялау мәселесін тағы да көтеруде. Бұл жолы олар вакцинацияның әдістері мен түрлері сипатталған ДДСҰ құжатына сүйеніп отыр.
Құжат «6 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялауға келісім беру туралы пікірлер» деп аталады. Ол ДДСҰ сайтында 2014 жылы жарияланған және COVID-19 пандемиясына, және, сәйкесінше, осы ауруға қарсы вакциналарға еш қатысы жоқ.
Сонымен қатар, Қазақстанда КВИ таралуының алдын алу үшін пайдаланылатын «Спутник-V» вакцинасын балаларға сынақтан өткізу әлі жоспарлануда. Демек, қазіргі кезде 18 жасқа толмағандарға екпе жасалып жатқан жоқ.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес, баланы ата-анасының немесе қамқоршысының келісімінсіз вакцинациялау мүмкін емес. 77-баптың 1-тармағында ҚР әрбір азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық егулерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе бас тартуға» құқығы бар делінген. Сондай-ақ Кодекске сәйкес, 16 жасатағы және одан асқан балалардың профилактикалық және консультациялық-диагностикалық көмек алудан ақпараттандырылып бас тартуға құқығы бар.