Фейк: «Гаагадағы Халықаралық сот COVID-19 пандемиясын геноцид деп таныды»
Whats ‘ App мессенджерінде COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемде аяқталады, өйткені Гаагадағы Халықаралық сот оны геноцид деп таныды және оның пайда болуы мен дамуына қатысы бар бірқатар адамдар сотталды деген ақпарат тарады. Мұның бәрі өтірік.
Шын мәнінде, Гаагадағы Халықаралық сот мұндай істерді қараған жоқ. Сот сайтында бір уақытта геноцид пен пандемияға қатысты сот ісі туралы ақпарат жоқ.
Сот COVID-19 пандемиясын геноцид деп таныды деген қауесет кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Халықаралық жалпы құқық соты осындай шешім шығарды деген ақпарат жарияланғаннан кейін тарады. Алайда, бұл шешімнің заңды күші жоқ, өйткені соттың өзі ресми түрде жоқ және оны ешкім еш жерде мойындамайды. Оны құрушы – қастандық идеяларын таратып, дәріптегені үшін жұмыстан шығарылған бұрынғы пастор Кевин Аннет. Ол сондай-ақ Канада аумағында өзінің ешкімге танылмаған Каната республикасын құрып, мемлекет толығымен легитимді деп мәлімдеді. Кевин Аннет пен ол құрған сот туралы толығырақ мына жерден оқуға боалды.
Тіркелмеген соттың шешімі туралы алғашқы хабарламада 75 адам «айыпты» деп танылды, оның ішінде Рим Папасы, Патшайым Елизавета II, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Pfizer бас директоры Альберт Бурла және т.б. бар. Онда Елбасы мен ҚР Президенті туралы айтылған жоқ. Яғни, аудио хабарламаның бұл бөлігін хабарлама авторы ойдан шығарған.
Демек, Гаагадағы Халықаралық сот COVID-19 пандемиясын геноцид деп мойындаған жоқ және мұндай шағымдарды қарастырмаған. Мұндай шешімді жоқ елде құрылған сот шығарған, сондықтан оған шын деп қабылдаудың қажеті жоқ.